Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Оразбаев: Құрылыс қарқынын күшейту қажет

Мұхтар Оразбаев: Құрылыс қарқынын күшейту қажет

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көрді.
Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электрондық емтихан алаңына арнайы барды. Тұрғындар үшін маңызы жоғары саналатын нысанның құрылысын «Болашақ» ЖШС жүргізуде. Серіктестік директоры Панабек Әлиев электрондық емтихан алаңының құрылысы өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағына арнайы барып, Қарасақал Ерімбет көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарын көрді.
Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатқанын ескертіп, қарқынды күшейту қажеттігін айтты. Жұмыс қарқынын күшейтумен қатар, сапаны естен шығармауды тапсырды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырып, күнделікті бақылау қажеттігін айтты.
Аудан басшысы Әйтеке би кентін аралау барысында жаңадан салынып жатқан балалар ойын алаңының құрылысын да көрді. Аудандық оқушылар үйінің ауласындағы жаңа нысан кәсіпкерлердің демеушілігімен балалар жылы аясында салынып жатыр.
Аудан орталығы айшықтала түсті
Бүгінгі таңда Әйтеке би кентінде орналасқан мекеме-кәсіпорындардың қолдауымен аудан орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің сырты әрленіп, ауласына тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Игілікті істің нәтижесінде тұрғын үйлердің сыртқы келбеті әрленіп, кент көркін одан әрі айшықтай түсті.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралау барысында В.Счастнов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлерге арнайы барып, атқарылған жұмыстарды көрді.
Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров мекеме-кәсіпорындар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аудан орталығындағы В.Счастнов, Желтоқсан көшелері мен «Мелиоратор» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ұйымшылдықпен әктеп жатқанын жеткізді.
Көпшілік іске ұйымшылдықпен атсалысқан ұжымдарға аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
12 қазан 2022 ж. 428 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031