Ширек ғасыр белесіндегі балабақша
Елу бес жылдық тарихы бар «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы алғашында орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін 140 орындық, екі қабаттық типтік жобамен салынған «Солнышко» бөбекжай-балабақша болып ашылған. Сол уақытта екі кіші, төрт жоғары топта 140 бала тәрбиеленді. Оқу-тәрбие процесі орыс тілінде жүрді.
1989 жылы балабақшадағы оқу-тәрбие процесі қазақ тілінде жүретін балабақша болуына байланысты №4 «Солнышко» балалар комбинаты №4 «Шұғыла» балабақшасы болып өзгертілді. 1997-1998 оқу жылы аралығындағы оңтайландыру саясаты кезінде балабақша жабылды. Балабақша 1998-1999 оқу жылынан бастап қайта ашылды.
Қазіргі таңда кәсіпорын «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды. Балабақшадағы алты топта 140 бала тәрбиеленуде. Бұнда ересек «Балауса», «Айгөлек», ортаңғы «Ақбота», «Ертөстік» кіші «Құлыншақ» және «Қызғалдақ» топтары бар. Педагогтар саны 25. Жоғары білімдісі 22, арнаулы орта білімдісі 3-еу. Бір басшы-менеджер, бір Педагог-зерттеуші, бес. педагог-сарапшы, 6 педагог-модератор, II-ші санат -3, санаты жоқ -9 маман қызмет етеді.
– Балабақша үздіксіз білім беру арқасында еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін тереңдетті. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасын тәрбиелеп шығарды. Әрбір топ жеке ойын, жатын бөлмелермен, жұмсақ және қатты жиһаздармен, дүние – мүліктермен қамтамасыз етілген. Топтарда бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін пәндік дамытушы орталықтар ұйымдастырылған. Балабақшада санитарлық – гигиеналық талаптар сақталған. Тазарту, жуу залалсыздандыруға қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.
Баланың жас ерекшелігіне сай түрлі көрнекілік құралдармен жабықталған. Сондай-ақ ізденуге арналған түрлі материалдар, эксперименттеу, коллекция жинақтау жұмыстарына арналған заттармен, көрнекті, дидактикалық материалдармен, ойыншықтармен қамтамасыз етілген. Әдістемелік тұрғыдан жинақталған педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған электронды көрнекі-әдістемелік құралдар, мультимедиялық құрал-жабдықтар, қажетті техникалық құралдар, музыка орталығы, компьютер, ноутбук, планшет, принтер, сканер бар, – дейді балабақша меңгерушісі Айгүл Ерішова.
Тәрбиеленушілердің сұраныстарын ескере отырып, ойыншықтар мен дамытушы ойын түрлері, спорттық жаңа жабдықтар пайдалануға берілген. Әр топ көгілдір экранды телевизорлармен жабдықталған. Блім сапасын дамытуда, балалардың ой-өрісін арттыруда «Монтоссори» «Воскобович дамыту ойыншықтары» алынып, пайдаланылып келеді. «Электрондық қазақ үй» «Сиқырлы қалам», «Дана» желілес дыбысты кітаптар, «Ақылды қоян», «Развлечение и изучение» электронды оқулықтары да тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына септігін тигізуде.
Балабақшаның спорт залы батут, балаларға арналған матрас, кегли, массажный дорожка, балаларға арналған гпнтель, кольцеброс, скакалка, гимнастикалық палкалар, обруч, доптар және түрлі заманауи спорттық құрал жабдықтармен жабдықталған. Ән-әуез залында домбра, жетіген, басқа да ұлттық аспаптар және қазіргі заманауи дыбыс күшейткіш, синтезатор, микрофондар, усилитель 3/1, ноутбук, түсті музыка құрылғылары бар.
Балалардың жеке дара қабілеттері бойынша шығармашылық әлеуетін, танымдық, эстетикалық қабілеттерін дамытуға арналған «Логика» танымдық ойындар, «Балдаурен» аспаптар ансаблі, «Жетіген» ән, «Сымбат» би үйірмесі, «Қуыршақ» театры, «Сиқырлы қалам» дәстүрден тыс сурет салу, «Алтын асық» ұлттық ойын, «Тілашар» ,«Шебер қолдар» атты шығармашылық үйірмелер жұмыс жасайды. Балаларға арналған халық ертегілері, ақын-жазушыларының ертегі-аңыздары, танымдық және электронды кітаптар бар. Тәрбиешілер өз тобының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік құралдармен, бағдарламалармен, міндетті білім беру стандартымен және балаларға арналған ертегі кітаптармен қамтамасыз етілген.
Бір байқағанымыз бұнда ата-аналар мен балабақша қызметкерлері арасындағы байланыс жақсы жолға қойылған. Ата-аналармен бірлесе түрлі кездесу кештері, пікір –сайыс, дөңгелек үстел, тренинг, конференция өткізіліп тұрады. Топтық жиналыстарда ата-аналарға тәрбиешілер, психолог, әдіскер, логопед, медбике түрлі кеңестер беріп, ой бөлісіп отырды.
Балабақшада арнайы құрал-жабдықтармен жасақталған логопед кабинеті бар. Онда 11 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқытылуда. Арнайы логопед маман жұмыс жасайды. Қауіпсіздікті сақтауда қатаң қолға алынған. Бұл ретте 22 бейнебақылау құралы жұмыс істеп тұр. Балабақша педагогтары үнемі ізденіс үстінде жүреді. Олар өз білімдерін жетілдіріп, түрлі біліктілік арттыру курстарына қатысты. Нәтижесі де жоқ емес. 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыстары жоспар бойынша жоғары деңгейде жүргізіліп, педагогтар мен тәрбиеленушілер біршама жетістікке жеткен.
Республикалық «Alma Production» шығармашылық орталығының «Шабыт Тарландары» халықаралық шығармашылық байқауының «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша балабақша бүлдіршіндерінен құралған «Балдәурен» ансамблі бас жүлде иеленіп арнайы дипломмен кубокпен марапатталды. Балғындарды өнерге баулыған жетекшілері Гүлмира Кушжанова мен Ертуған Ізтілеуов «Алғыс хат» иеленді. Аталған байқауда «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша тәрбиеленуші Аңсар Жанғалидың өнері бас жүлдеге лайық деп бағаланды. «Қазақстан – бақытты балалар мекені» I Халықаралық шығармашылық фестиваль конкурсының «Аспапта орындаушылық өнері–Қасықтар ансамблі» номинациясы бойынша бүлдіршіндерден құралған топ тағы да топ жарды. Бас жүлдені қанжығаға байлап, арнайы дипломмен кубок алды. Жетекшілері Гүлмира Кушжанова мен Даметкен Сұлтанова «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Өнерлі өрендер Әмина Нұрсұлтан, Дильназ Әли және бір топ бүлдіршіндер «Диплом» иеленді.
Роза Бағланова 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық балалар мен ересектер байқауында балабақша педагогтері Гулмира Кушжанова, Жеңіскүл Қожахметова, Нұргүл Ешимова, Алтын Орыналиева, Даметкен Сұлтанова, Майра Алимбетова, Гүлбану Жазықбай, Нұргүл Мыңбаева «Диплом» иеленді. Бүлдіршіндер Дильназ Әли, Нұрсауле Байғани, Айша Болат, Аяла Абдулла және бір топ бүлдіршіндер «Диплом» марапатталды. Қазақстан Республикасы «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Ұстазға мың алғыс» республикалық шығармашылық конкурсынан Нұргүл Мыңбаева «Құрмет грамотасын» алды.
«FLTYN DFUYS» балалар шығармашылық орталығы өткізген I Республикалық «FLTYN DFUYS» балалар өнер шығармашылық байқауының «Алғыс» хатымен Нұргүл Мыңбаева марапатталды. Қазалы ауданы әкімдігі Ғани Мұратбаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай өткізілген марафонында Жолмағанбет Рахметов атындағы жүлделі бірінші орынмен Элмира Медетбай «Диплом» иеленді. Қазалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті атынан «Қашықтықтан оқыту форматындағы «Үздік бейне сабақ» облыстық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, «Шығармашыл педагог» номинациясымен Айман Сексембаева марапатталды. Халықаралық «Ғұмырдария» өнер байқауына белсене қатысып, егемен еліміздің ертеңін ойлайтын, зерделі де зейінді, қабілетті де қайырымды, өнерлі шәкірт тәрбиелегені үшін №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы ұжымы Алғыс хатқа лайықты деп танылды.
Осы байқаудың «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Гүлмира Кушжанова, Арықбаева Баян жетекшілік еткен балабақша бүлдіршіндерінен құралған «Балдәурен» ұрмалы аспаптар ансамблі «Бас жүлде» иеленіп, арнайы дипломмен, кубокпен марапатталды. Өнерлі өрендер Анель Ким, Жанерке Ғабидулла, Әли-Имран Мақсат және бір топ бүлдіршіндер «Диплом» иеленді.
Балалардың бойына тәрбие мен білімді тел сіңіру жолында тер төгіп келе жатқан балабақша ұжымы заман ағымынан әсте қалған емес. Жаңашылдыққа жаны құмар балабақша басшысы мен тәрбиешілер балғындардың әр сәтін әсерлі өткізуіне күш салып келеді. Білімнің баспалдағына айналған киелі орында әрбір тәрбиеленушіге елдің ертеңі, келешектің иесі деп қарайды. Осы ұстанымды үнемі есте ұстайтын ұжым педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді, тың идеяларды жүзеге асырады.
Балабақша ұжымы жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеуді басты мақсат еткен.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА