Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр туралы туындыны тамашалады

Батыр туралы туындыны тамашалады

Жақында Астанада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Капитан Байтасов» фильмі жарыққа шыққан болатын. Батыр полицей Ғазиз Байтасовтің ерлігіне арналған фильмді полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері тамашалауға барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде ержүрек сақшылардың ерлігі халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі ретінде жұртымыздың жадында сақталуы тиіс екенін айтты. Қалың көрерменге жол тартқан жаңа фильм осы бағыттағы істің жарқын көрінісі.
Батырға арналған киноны аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен барлық жеке құрам қызметкерлері жанұяларымен тамашалады. Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінде ашылған «Жас сақшы» сыныбының оқушылары да көруге арнайы барды. Бөлім басшылығы жеке құрамға Ғазиз Байтасовтың батылдығы мен ерлігі туралы жеткізіп, оның нағыз офицер екенін атап өтті.
Фильмнің сюжеті 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында болған шынайы оқиғаға негізделген. Сол күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін қиып, террористі тоқтатып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалған еді. Полицейдің бұл ерлігі батырлықтың, патриотизм мен адалдықтың символына айналды. Фильм тек ерлік туралы ғана емес, ар-намыс пен борыш алдындағы адалдық жайын да насихаттайды. Ел тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі. Президент атап өткен қағидаттар осы фильмде көрініс тапқан.
Фильмнен соң әрбір полицей ерекше әсер алып, ішкі істер саласында қызмет етудің жауапкершілігін жүрекпен сезінгені рас.
Айта кеткен жөн, картина режиссері – Дәурен Қамшыбаев. Басты рөлдерді белгілі қазақстандық актерлер – Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова сомдайды. «Капитан Байтасов» фильмі 23 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілуде.

А.ӘЛИ
06 желтоқсан 2025 ж. 168 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 150

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031