Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты балалық ордасы

Бақытты балалық ордасы

Абай ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасында бүгінде елу бүлдіршін тәрбиеленуде. Ғимарат ескі болғанымен ішінің мұнтаздай тазалығы мен қабырғаға ілінген түрлі суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бейнелері, арнайы отырғызылған гүлдер сырттан кірген адамды еріксіз өзіне тартады. Сондай-ақ заманауи технологиялармен жабдықталған. Тәрбиешілер интерактивті тақтаның көмегімен оқу іс-әрекетін жүргізеді. Балабақшаға балдырғандар екі жастан бастап қабылданады.
Ғимарат 1986 жылы типтік үлгіде салынған. 1995 жылға дейін жұмыс істеп, «оңтайландыру» әсерінен жабылып қалған. 2006 жылдан бастап күрделі жөндеуден өткізіп, 2007 жылы 2 топта 50 баламен қайта ашылды. Ересек «Ертөстік» және «Балбөбек» кіші жас тобы бар. Бұнда 23 қызметкер қызмет етеді. Оның ішінде педагог қызметкерлер саны тоғыз. Бірінші санатты 1, екінші санатты 1 және 1 педагог-сарапшы, 4 педагог-модератор, 2 санатсыз педагог бар. Осы жылдың қаңтар айынан бастап балабақша бөбекжай-бақшасы болып өзгертілді. Бөбекжай-балабақша меңгерушісі Баян Жаңабай Кәдірқызы ұжымның ауыз біршілігін арттырып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуде.
Балабақша әдіскер Раушан Қоянбайдың айтуынша, оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бағдарламалары аясында жүргізіледі. Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарында әртүрлі ресурстар қолданылады және балаларды табиғи, еркін тәрбиелеудегі М.Монтессори педагогикалық жүйесі бойынша материалдармен жабдықталып, жұмыс жасалуда. 2021 жылы ерекше балалармен жұмыс негізінде логопед кабинеті ашылды. Кабинеттің құрал-жабдығы толық, логопед Мирамкүл Садуова мен психолог Гүлжанат Әлімбаева балалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Тәрбие ошағындағы әрбір тәрбиеленуші өнерімен түрлі байқауларда бақ сынап жүр. Жеңістері де жоқ емес. «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық балалар мен ересектер байқауында бөбекжай бүлдіршіндері бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Балабақшадан тыс аудандық деңгейдегі іс-шаралардың басы-қасынан қарлығаштық өрендерін байқайсыз. Бұнда әуелете ән шырқайтын, мың бұрала би билейтін өнерпаз ұл-қыздар мен алғыр, білім бәйгесінде белсенділік танытып жүрген балғындар жетерлік. Бұл ретте тәрбиешілер Сайра Сердалиева, Назерке Жанәбіл, Күсұлу Қазбекова, Айкерім Мұратбекқызының еңбегі ерекше.
Үлкен ұжымды ұйытып, үлгілі істерге бастамашы болып отырған балабақша меңгерушісі Баян Кәдірқызы: «Баламен жұмыс істеу – ең күрделі мәселе. Бүлдіршіннің бойындағы барлық білім мен тәрбиенің іргетасы балабақшада қаланатындықтан бұл тәрбие орнындағы әрбір қызметкер қабілетті, жауапты әрі терең білімді болуы қажет. Бұл орайда бізде барлығы білімді тәжірибесі мол мамандар балғындарға тәлім береді. Бала жас шыбық сияқты, оны енді ғана гүлдеп келе жатқан сәтінде қалай баптап, суғарсаңыз, кейін нәтижесін өзіңіз көресіз. Біз ата-аналардың үмітін ақтауда және еліміздің ертеңгі ғалымдары мен спортшыларын, ұстаздары мен дәрігерлерін, өзге де түрлі кәсіптің тұтқасын ұстар азаматтарды тәрбиелеп шығуда жастық жігеріміз бен бойда бар білімімізді аямаймыз», – дейді

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

20 қыркүйек 2022 ж. 415 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930