Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін

Фото: freepik.com
Қазақстанда 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуына тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасы қазір қоғамдық талқылауға ұсынылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобада көрсетілгендей, кәмелетке толмағандар TikTok, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде немесе YouTube тәрізді платформаларда жеке парақша жасай алмайды. Оларға тек мессенджерлерді пайдалану құқығы сақталады. Мұндай шара балаларды зиянды ақпараттан қорғау мақсатында енгізілмек.
Әлемдік практикада дәл осы заң жүйесін Австралия да енгізіп жатыр. Ел үкіметі Meta компаниясының Instagram, Facebook және Threads платформаларында жасөспірімдерге тиесілі жүздеген мың аккаунтты бұғаттауды қолға алды. Жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң 10 желтоқсанда күшіне енеді.
Бұл шектеулер, балаларды қауіпті контенттен қорғаудың тиімді жолы деп саналады. Жаңа талапты ата-аналардың басым бөлігі қолдап отыр.
05 желтоқсан 2025 ж. 152 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 150

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031