Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-тіліктерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтініштерін жеке-жеке жеткізіп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал жасауын сұрады. Қабылдауға келген тұрғындардың көбі жұмыссыздық мәселесін алға тартып, тұрақты жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінді.
Қабылдауда жайылымдық және шабындық жер мәселесі, шабындық жерлерді суландыру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін айтқан тұрғындарда болды.
Жұмыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді. Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатындығын жеткізді.
Аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы жауапты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұлғаның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
05 желтоқсан 2025 ж. 87 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031