Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар үздіктер сапында

Ұстаздар үздіктер сапында

27-28 қараша күндері облыстық білім басқармасына қарасты «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының ұйымдастыруымен, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасында, Тәуелсіздік күніне орай, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық сайыс өтті. Ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен дене даярлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі үлесін тану мақсатында өткен сайысқа облыстың 8 ауданы мен қаласынан келген командалар қатысты.
Сайыс нәтижесімен жалпы есепте бірінші орын Арал ауданынан келген алғашқы әскери және технологиялық дайындық мамандарына бұйырса, екінші орынды Қызылорда қаласы командасы еншіледі. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазалы ауданы жүлделі үшінші орынға ие болды.
Сында №16, 25, 70, 238, 288, 97, 96 мектеп мұғалімдерінен құралған жетекшісі Ахша Амантай, команда мүшелері Махамбет Талғат, Жәнібек Асаубай, Бауыржан Нұрманов, Әкімбек Бекқожа, Нұртілек Әбжәли, Қайсар Меңділла өректі өнер, жақсы дайындығы, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Жекелей нәтижеде Махамбет Талғат АК-74 бөлшектеу-жинақтау кезеңінде екінші орын алса, Жәнібек Асаубай патрондармен жарақтау бойынша үшінші орынға ие болды. Команда пневматикалық мылтықпен атудан үштікке ілінсе, белтемірге тартылу бойынша бірінші, кросс жүгіру сынында екінші орынға қол жеткізді.
«Бұл – қажырлы дайындық пен мықты рухтың нәтижесі. Тәуелсіз еліміздің болашағына білімді де, елжанды, ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар тигізер ықпалы зор. Алдағы уақытта психологиялық, физикалық дайындықты одан әрі күшейтетін боламыз», – дейді құрама мүшелері.
Амантай АХША,
№97 орта мектеп мұғалімі
06 желтоқсан 2025 ж. 163 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 150

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 149

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031