Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше жандарға – ерекше құрмет

Ерекше жандарға – ерекше құрмет

Бүгін 3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Ерекше жандарға – ерекше құрмет» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, Атқарушы хатшы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Совет Бабанаев арнайы қатысты.

Алғы сөзді алған партия филиалының төрағасы қайсар жандарды мерекемен құттықтады.

«Бұл күн – қоғамда ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға деген құрмет пен ізгіліктің, жанашырлық пен мейірімнің айрықша белгісі. «AMANAT» партиясы үшін ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдау – басты бағыттардың бірі. Біз әр азаматтың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға және мүмкіндіктерін кеңейтуге әркез дайынбыз», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Мұнан соң қоғамдық шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірқатар ерекеше жандарға аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлының және аудандық партия филиалы төрағасының Алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қиындықтарға мойымай, табандылық пен қайсарлық көрсетіп жүрген жандар сахна төрінде өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

#AMANAT
05 желтоқсан 2025 ж. 170 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 147

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031