Баланы судан құтқарған 10-сынып оқушысы министрліктің марапатына ие болды
Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіндегі №51 мектептің 11-сынып оқушысы Сержан Әбдірейім қысты күні аудан орталығындағы көлден 10-жастағы баланы құтқарғаны үшін еліміздің ішкі істер министрлігі тарапынан марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталмыш төтенше оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болды. Сержанның сабақтан қайтып келе жатқан беті еді. Сол сәтте ол өзін құтқаруға шақырған жас баланың дауысын естиді. Дереу дауыс шыққан жаққа бет алып барса, көлдегі мұздың жарылу салдарынан көлге түсіп кеткен 10 жастағы баланы көзі шалды. Өзі шығаруға талпынған еді. Дегенмен суда тұрған баланың киімі малмаңдай болғандықтан, оны тартып шығаруға шамасы келген жоқ. Сол сәтте қасынан өтіп бара жатқан екі жігіт те көмекке ұмтылды. Тез арада арқан жеткізілді. Онымен де құтқару мүмкін болған жоқ. Осындай қысылтаяң уақытта тез шешім қабылдаған Сержан сыртқы киімін шешіп, суда қалып қойған Мұхамедті көтеріп жағаға алып шықты. Одан кейін де көмегін көрсетіп, баланы аман алып қалуға тырысты», деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіні баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет