Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда арқанмен селфи жасамақ болған 7 сыныпта оқитын қыз қайтыс болды

Қарағандыда арқанмен селфи жасамақ болған 7 сыныпта оқитын қыз қайтыс болды

Қарағанды білім бөлімінің қызметкерлері Қарағандыдағы №23 мектептің жетінші сынып оқушысы кездейсоқ қайтыс болды деп отыр. Ол арқанмен селфи жасамақ болған, деп жазады Today.kz.

"Ол өзіне қол жұмсағысы келмеген, хабарлама арқылы анықтадық. Қыздың қалтасынан қайшы табылды, қолында телефон болған, кейін арқаннан босағысы келіп бұлқынғанда телефоны түсіп қалған", - деді "Қарағанды білім бөлімі" өкілі. 

Жетінші сынып оқушысына арқанмен селфи жасап, кейін қайшымен дереу қиюды осы мектептің сегізінші сынып оқушысы айтқан. Олар бір-біріне үздіксіз жалғыздық, түсініспеушілік және суицид жайлы хабарлама жазып отырған. 

"Сегізінші сынып оқушысы оны суицид жасауға үгіттемеген. Интернетте жасөспірімдерді өлімге итермелейтін ешқандай желілік топтар жоқ. Екі жасөспірім - қыз бен бала бір-біріне хабарлама жазған. Ол қызға селфи жайлы жазып, өзінің де солай жасағанын айтқан. Қыз болса, соған сеніп, өзі де істеп көрген", - деді білім бөлімі өкілі. 

Жетінші сынып оқушысы пәтерде әкесі мен ортаншы ағасы жоқта осы нәрсені байқап көргісі келген. Бұл уақытта әкесі ұлын спорт секциясына жаттығуға алып кеткен. Анасы үш жастағы баласын ұйықтатып жатқан. Жатын бөлмеде жалғыз қалған қыз қалтасына қайшыны салып, ұялы телефонының камерасын қосқан. Кейін жаттығудан келген ағасы қыздың өлі денесін тапты. 

Айта кетейік, Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 3 ақпан күні қыздың мүрдесі табылды. №23 мектептің директоры Нүркен Ашықбаевтың сөзінше, оқушы қыздың үлгерімі қанағаттанарлықтай болған, мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген. 

Қызметтік тексеріс аяқталған жоқ.
08 ақпан 2018 ж. 2 048 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031