Қоғамдық жұмысқа тартылды
Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Ш.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ш. үстіне киген қара түсті курткасының сол жақ қалтасынан алып бақшалық қоршаудың ішіне лақтырып жіберген ақ түсті қағаз қиындысына оралған жалпы салмағы 0,73 гр., гашишты заңсыз иемденіп, сақтаған.
Басты сот талқылауында сотталушы Ш. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.
Қазалы аудандық сотының үкімімен азамат Ш., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, сотталушыдан мемлекет пайдасына 46 541 теңге процестік шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі