Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 297 -бабының 1-бөлігімен айыпталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстың іс құжаттарына қарағанда, сотталушы А. өз үйінің ауласында азамат Ғ.-ға 3 000 теңгеге заңсыз сақтаған 3 дана қағаз орамындағы салмағы тиісінше 2,67 грамм болып табылатын гашишты заңсыз өткізген.
Содан соң «Нұр-Шуақ» аялдамасының алдында сотталушы А. мініп келе жатқан Р.-ның басқаруындағы «Ауди» маркалы автокөлікке тінту жүргізу барысында 2 дана пакетке оралған жалпы салмағы 1032 грамм кептірілген марихуана алынған.
Содан соң сотталушы А.-ның үйіне тінту жүргізу кезінде, сотталушының кәмелетке толмаған баласы А-ның сөмкесінің ішінен 42-дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 68,19 грамм кептірілген марихуана алынған.
Басты сот талқылауында сотталушы А.-ның айыбы, өзінің кінәсін толық мойындап берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.
Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
03 сәуір 2018 ж. 1 141 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031