Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагог-логопедтер ерекше білім беру әдістерін талқылады

Педагог-логопедтер ерекше білім беру әдістерін талқылады

Қазақта «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деген сөз бар. Ол әрбір ата-ана баласының басына қиындық түскенінен жаны қиналатынын сипаттайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген ерекше балалар жайлы айта кеткенде әркімнің де жанына батары сөзсіз. Оларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Осыған байланысты 29-шы қараша күні №21«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзете-дамытудың әдістері» тақырыбында аудандық шығармашылық күні өтті.
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған ай сайын шығармашылық күндердің бірі «Ерекше балаларға» арналды.. Шараға мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы балабақша және шағын орталықтың логопед және дефектолог мамандары қатысты.
Ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілерге түрлі әдіс-тәсілдер арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға, тәрбиешілерге сол бағыттағы жұмысты бірлесе орындау мен арнайы мамандарға әдістемелік көмекті ұйымдастыруды көздеген жиында әдістемелік кабинеттің әдіскері Н.Аманкелдіқызы шығармашылық күннің бағдарламасымен таныстырып және өзінің іс-тәжірибесімен бөліскелі отырған логопед маман А.Нұрдаулетке сәттілік тіледі.
Сонымен қатар қатысушы арнайы педагог-логопедтерге балабақшаның педагог-психологі М.Мейрамбек «Біз біргеміз», «Ойын және менің көңіл-күйім» және «Негативтер тақтасы» сынды тақырыптарда тренинг жүргізіп, қатысушы мамандарға жаңа оқыту тәсілдерін көрсетті.
Серік АҚМЫРЗА
02 желтоқсан 2022 ж. 1 036 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 103

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 94

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 93

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 103

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 93

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 95

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 113

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930