Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін аудандық партия филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Әйтеке би кенті бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беру, тұрғын үйді салудағы заңдылықтар және инклюзивті білім беру жұмыстарының орындалуы, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен «Балалар жылы» аясында атқарылатын шаралар туралы қаралды.
Осы бағыттар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев және аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжетай Шамшадинов баяндады.
Жиында кеңес мүшелері тарапынан құрылысты бұзып салудағы даулардың алдын-алу, жаңа құрылыс нысандарының талаптарды сақтауын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарды жүргізу, жеке тұрғын үй салуға алған жердің мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа өзгерту, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмысты күшейту және т.б. бірқатар ұсыныстар айтылып, сауалдар қойылды.
Комиссия отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы Ғазиз Әліш ұсыныстар аясында жұмыстарды жүргізу керектігін жеткізіп, жиынға сәйкес тиісті қаулылар қабылданды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 сәуір 2022 ж. 512 0

Миллиондық жеткізілім

27 наурыз 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031