Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тірлігі тындырымды ауыл

Тірлігі тындырымды ауыл

Қазалы ауданына қарасты ауылдардың бүгінгі ахуалы көңіл қуантарлықтай. Жылдан-жылға келбеті келісіп, ажары арта түсуде. Қазіргі таңда өзіндік тұрмыс-тіршілігі және мәдениетімен ерекшеленетін ауылдар қатары да қалың. Соларыдң бірі – аудан орталығы Әйтеке би кентінен 5 шақырым жерде орналасқан, шаруасы шалқыған, көрікті, инфрақұрылымы жоғары деңгейдегі, заман талабына сай салынған, тірлігі тындырымды Ғ.Мұратбаев ауылдық округі.
Округте – 1561 тұрғын, 282 – отбасы мекендейді. Ауылдың аты аталғанда құлаққа жағымды әндер, есімізге елеулі тұлғалар келеді. Бұлай дейтініміз дәл осы ауылдан бір кездері Қазақстанның халық қаhарманы, әнші Роза Бағланова, Қазақстанның Халық әртісі әнші Мадина Ералиева, Социалистік Еңбек Ер Көлжан Оразалиева мен төрт Қазақ ССР депутаты және 2 мемлекеттік сыйлықтың лауреатын иеленген бетке ұстар азамат-азаматшалар түлеген.
Ауыл тұрғындарын білім нәрімен сусындатып тұрған 320 орындық орта мектеп пен бала-балғындарға 90 орындық балабақша үздіксіз қызмет етіп тұр. Одан бөлек дерті дендеген жандарға 4 адамға арналған күндізгі емдеу бөлімі бар дәрігерлік амбулаториясы және мұратбайлықтардың зейінін ашуға 21 619 кітап қоры бар жинақталған кітапхана да бар. Сонымен қатар кез келген іс-шара мен ауылдың мерейлі күндерінде күміс көмей әншілері бұлбұлдай сайрайтын ауылдық мәдениет үйі, қасиет қонған «Қуандық әулие» мешітінің есігі құдайға құлшылық етушілерге әрдайым ашық.
Мұндағылардың көбісі мал шаруашылығына басымдылық берген. Сондықтан төрт түлігін сай ұстағандар үшін де ветеринариялық пункт жұмыс жасап, ауылда бес сауда дүкені және пошта байланыс бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейген
Ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін процентпен құрап айтар болсақ, онда ауыл тұрғындарының белсенділігі 97%-ті құрайды екен. Нақтырақ айтсақ, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінде – 54 шаруа қожалығы, 1– жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 – «Жас Ғани» өндірістік кооперативі  мен 70 жеке кәсіпкер және барлығы 126 шағын және орта бизнес субьектілері бар.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 23 ауыл тұрғыны шағын кәсіпкерлікке тіркеліп, оның ішінде 23 түрлі кәсіп ашып, бүгінде өз нәпақаларын тауып, жұмыстары жүйелі жүруде.
Мұнда аудан орталығына қатынау мәселесі де қарастырылған. Дәлірек айтсақ, билет құны тоқсан теңге тұратын  кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көлік арқылы ауылдық округке күніге 11 рет қатынайды. Сонымен қатар бес жеңіл автокөлік иелері патент арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады.
Басқа да ауылға қатысты атқарылған жұмыстармен ауыл әкімі Абай Рыстығұлов бөлісе кетті.
– «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  ұлттық жоба» аясында округ бойыншабарлығы 359,159 миллион теңге несие қаражат алынды.
 «Бизнес-Кеңесші» жобалары аясында оқыту курстарына кәсіпкерлерді тарту – 2022 жылы«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 27 адам оқып сертификат алды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге 21 адам тұрақты жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмысқа 23 адам қабылданды.Сонымен қатар 1 адам «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша және5 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасауда.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында ауыл тұрғындарына, «Ақарық», «Дәуқазған» каналдары бойынан  20 гектар жер бөлініп, бау - бақша дақылдары егілді.
Сонымен қоса бұл ауылда мал шаруашылығы да шалқыған. Округ бойынша 2350 бас мүйізді ірі қара, 1970 бас қой, 1630 бас ешкі, 1970 бас жылқы, 252 бас түйе бар. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, сырғаланды.
Округте мал басы көбейіп, ауыл тұрғындары малдарын сырғалап, тіркеуге алуда.
Малдарды асылдандыру мақсатында бүгінгі күнге 5 бас асыл тұқымда бұқа алынды және алдағы уақытта 4 бас асыл тұқымды бұқа алу жоспарда бар.
Мал ауруларының алдын-алу шаралары бойынша 12 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық – профилактикалық шаралар атқарылып, 3 түрлі ауруға қарсы диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Конго-Қырым қызбасының  алдын алу мақсатында 2 маусым ауыл ішіндегі 165 қора мен сондағы төрт түлікті улау жұмыстары жүргізілді, – ауыл әкімі.
Ауыл тынысы хақында
Ауылдың оқу ордасын 2021-2022 оқу жылында жалпы саны он төрт оқушы сәтті тәмамдап шыққан. Оның ішінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге он екі оқушы қатысып, жетеуі «Үздік аттестат» иегері атанды. Басқа да ҰБТ-ға қатыспаған екі оқушы арнаулы орта оқу орынына түскен.
Ал №15 «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында 90 бала тәрбиеленіп, ауыл балғындарына 13 педагог-тәрбиеші тәлім тәрбие береді. Балабақша тәрбиешілері оқу тәрбие жұмыстарына қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды жүйелі түрде қолданып келеді.
Сонымен қатар тұрғындар үшін дәрігерлік амбулаторияда бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген және төрт адамға арналған күндізгі емдеу бөлімі жұмыс жасайды. Күндізгі емдеу бөлімінде бүгінгі күнде 83 адам дертіне шипа тауып, ем қабылдаған. Ал флюрографиялық тексеруден 710 адам өткізіліп, 40 сәби дүниеге келсе 7 адам дүниеден өткен. Ауыл бойынша халық саны жыл санып артып келеді.
Мұнда әрбір мерейлі де, мерекелі күндер ескерусіз қалмайды. Яғни, жергілікті мәдениет үйінің демеуімен атап өтіледі. Сонымен қатар жоспарланған іс-шаралардың барлығы ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізіліп келеді. Ағымдағы жылда түрлі мазмұндағы 41 мәдени іс-шара ұйымдастырылып өткізілген.
Ал қысқы дайындық пен жылу жайына келер болсақ, Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйі газ желісіне қосылып, қазіргі таңда өнер үйінің мамандары игілігін көруде. Алдағы уақытта мектеп, балабақша және дәрігерлік амбулаторияны газ желісіне қосу үшін ұсыныстар берілді.
Ауылда ауыз су мәселесі де шешімін тапқан. Нақтырақ айтсақ, «Арал – Сарбұлақ» топтық су құбыры арқылы қамтамассыз етіліп, тәулік бойы 160 текше метр ауыз су берілуде. Аяқ су мәселесі толығымен шешілген.
– Ауылға 4G жылдамдықтағы биіктігі 18 метр болатын билайн антенасы орнатылды.
Ал автомобиль жолдарына келер болсақ, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі бойынша 17 көше бар. Ұзынды 11, 180 шақырымды құрайтын оның 13 көшесіне асфальт жүргізілген. Сонымен бірге алдағы 2023 жылға «Әйтеке би – Ғ.Мұратбаев» тас жолы және ауыл ішіндегі Қуандық әулие көшесі қаржыландырылып, алдағы уақытта асфальтталатын болады.
Сонымен қатар Ж.Жабаев, Ақтан батыр, Қ.Наурызбаев, С.Сейфуллин, көшелрге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіу үшін «Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» арқылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына енгізіліп қаржыландыру кезегінде тұр.
Спорттық жарыстарда мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің, мұғалімдердің жетістіктері жетерлік. Гандбол және тоғызқұмалақтан мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық  жарыстардың жүлделі орныдарын иеленді.
Ауылымыздың мақтанышы Ақберен Бақытберген қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан V Азия чемпионатында күміс медальға қол жеткізді.
Осыған орай ауыл спортын одан әрі дамыту мақсатында соңғы үлгідегі спорт кешенін салу үшін жоба – сметалық құжаттары әзірленіп сараптамадан өткізілуде.
Ауылдық округтен жер алу мақсатында  тұрғындардан өтініш көптеп түсуіне байланысты, ауылға жаңадан 3 көшеге инфрақұрылым тарту үшін жоба – сметалық құжаттары әзірленіп сараптамадан өткізілуде.
Соңғы жылдары ауылдық округ бойынша бала туу көрсткіші жоғары деңгейде (45-50 бала) соған сәйке  Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектепте бала санының өсуіне байланысты кабинет саны жетіспеуде осыған байланысты мектеп жанына қосымша құрылыс салу үшін ұсыныс берілді.
Кәсіпкерлік мақсатта мал бордақылау үшін  өтініш білдерген азаматтарға ауылдың батыс беткейінен аудан әкімінің қаулысына сәйкес 20 гектар жер учаскесі бекітіліп,  қазіргі таңда 4 өтініш түсіп, құжаттары жер қатынастары бөлімінде конкурсқа ұсынылды, – дейді Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұлов.

Серік АҚМЫРЗА

01 желтоқсан 2022 ж. 667 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031