Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін жер телімін қалай аламыз?

Тегін жер телімін қалай аламыз?

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына, тұрғын үй құрылысына 10 сотық тегін жер телімі берілетінін білесіз бе? Осы қызмет жайында әлеуметтік желіде жарнамалар өріп жүр. Оны алу үшін жеке заң орталықтарына барар болсаңыз, қалтаңызды қағып түсірері анық. Бірақ оны өзіңіз, үйде отырып-ақ тегін ала алатыныңызды білмеген боларсыз?! Ендеше мақаланы толықтай оқып шығуға кеңес береміз.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер учаскесін кезекті қарау немесе бақылау функциясы іске қосылды. Оған дейін тұрғындар кезекке тіркелу үшін жергілікті әкімдікке барып, «кезектік талонды жоғалтып алмайыншы», деген үрейде жүретін. Себебі ол уақытта талонды жоғалтсаңыз, кезекті бақылау қиынға соғатын.
Енді тұрғындар бұрынғыша аяқ талдырмай, ол қызметті үйде яғни қашықта отырып қолдана алады. Тіркелу жолын ХҚКО маманынан сұрастырған болатынбыз:
– Ол үшін компьютер, қолданушының ЭЦҚ кілті және NC Аlayer қосымшасы қажет. Электрондық үкімет порталының бас­ты бетінде жылжымайтын мүлік батырмасын таңдайсыз. Онан соң жер қатынастарын басып, «Жеке тұрғын құрылысына жер учаскесіне (10 сотық жер алуға) кезекті қарау немесе кезекке тұру» бөлімін таңдаймыз. Одан кейін жаңа терезе ашылып, үш кезең пайда болады. Бірінші кезеңде
өзіңіз тұратын мекен-жайыңызды және қосымша нұсқаларды таңдайсыз. Онан кейін ЭЦҚ кілті арқылы қол қоясыз. Осының барлығынан өткен соң, сізге арнайы анықтама беріледі. Берілген анықтаманың pdf нұсқасын өзіңізге сақтап аласыз, – дейді Қазалы ауданының ХҚО маманы Ардақ Есіркепова.
Айта кетейік жер телімін ҚР-ның кез келген 18 жасқа толған азаматы ала алады. Ол үшін атыңызда үй, жылжымайтын мүлік немесе қосымша жер болса, бұлардың ешқайсысы кезекке тіркелуіңізге кедергі етпейді. Сондай-ақ мемлекеттің кез келген 3 нүктесіне кезекке тұра аласыз. Алайда 3-еуінің қайсысының кезегі бірінші келеді тек соны ғана ала аласыз. Онлайн тіркелудің тағы бір тиімділігі, бұрын әкімдікке барып тіркелгенде жеке куәлік пен тұрғылықты мекен-жай анықтамасын алып бару қажет еді. Ал қазір egov арқылы тапсырсаңыз, ешқандай құжаттың қажеті жоқ.
Әлемде өркениеті мен техникасы дамыған мемлекеттер саны 189 болса, оның ішінде Қазақстан 58-інші орында. Елдің жағдайы жылдан жылға өсіп-өркендеп келеді. Онлайн қызметтердің дамуы соның дәлелі болса керек. Дәл осы бетінен қайтпай, мемлекетіміз даму процесін үзбесе, алдыңғы қатардан көрінер күн де алыс емес.
24 қараша 2022 ж. 189 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031