Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін 10 сотық жер туралы не білу керек? Маңызды 9 сұрақтың жауабы

Тегін 10 сотық жер туралы не білу керек? Маңызды 9 сұрақтың жауабы

Биыл наурыздан бастап Қазақстанның электрон үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық 10 сотық жерді алуға өтінім бере алады. Tengrinews.kz осы ретте ең маңызды деген сауалдардың жауабын жинады.

Бұл жаңа мемлекеттік бағдарлама ма?
Бұл Үкімет ұсынған жаңа бағдарлама емес. Жер учаскесін алу құқығы "Жер қатынастары туралы" Заңның 50-бабында көрсетілген.

Жерді кім тегін ала алады?
18 жастан асқан кез келген қазақстандық жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін ала алады. Бұл ретте сізде жылжымайтын мүлік - пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Дегенмен, тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана жер иесі атанады.

Жер алу үшін тұрғылықты жер бойынша тіркелу қажет пе?
Жерді Қазақстанның кез келген өңірінен алуға болады. Ол үшін тұрғылықты жердің және тұрғылықты жер бойынша тіркеудің қажеттілігі жоқ.

Жер алуға қалай кезекке тұруға болады?
Қазақстандықтар кезекке онлайн тұра алады. Ол үшін компьютер және ЭЦҚ-кілт қажет. Ары қарай электрон үкімет порталына өту керек, осы қызмет атауын іздеу жүйесіне енгізуге болады немесе "Жылжымайтын мүлік" - "Жер қатынастары" бөлімінде "Жекеменшік тұрғын үй салуға немесе жер телімін алуға жер телімін қарау немесе алу үшін кезекке қою" қызметін таңдауға болады.

Алматыдан немесе Нұр-Сұлтаннан жер алуға бола ма?
Мегаполистерде бұрыннан бос жерлер жоқ. Мысалы, астанада 2007 жылдан бастап кезекке қою жүргізілмейді. Ал Алматыда 2006 жылдан бастап жер алу мүмкін емес.
2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте де бос учаскелер жоқ.

Алматы маңынан жер бере ме?
Алматыға іргелес Іле, Қарасай, Талғар аудандарынан жер алуға болады. Облыстың жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2021 жылы өңір бойынша 616 жер учаскесі берілген. Десе де, кезекте тұрғандардың саны 70 мыңға жақындап қалғанын ескеру қажет.

Жерді мәңгіге бере ме?
Бастапқыда үй салынып, пайдалануға берілгенге дейін учаске уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі. Шартта игеру мерзімі көрсетіледі. Оны жергілікті әкімдік анықтайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін ғана меншік иесі бола аласыз.

Жерді алып, оны бірден сатуға бола ма?
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жылжымайтын мүлікті сатуға өкілеттік бермейді. Нысанды сату үшін, ең алдымен, оны меншікке беру керек. Мұны тек үй салу арқылы жасауға болады.

Жерді алып, ешқандай құрылыс жүргізбеуге бола ма?
Заң бойынша, егер жер учаскесі шартта көрсетілген мерзім ішінде өз мақсаты бойынша пайдаланылмаса, жер қайтадан мемлекетке қайтарылады, ал жер алушыға айыппұл салынуы мүмкін.
20 сәуір 2022 ж. 484 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930