Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді

Президент Конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді

Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындайды. Бұл туралы Президент Алматы жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Наурызда мен мемлекеттің негізгі институттарын қайта іске қосуға бағытталған саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда халқымыз тағы да бірлігін танытып, Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындайды», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл бұрынғы барлық қайта құрулардың жалғасы және мемлекеттігімізді одан әрі нығайтудың берік іргетасы.
«Конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асыру аясында 5 қарашада таяу күндері күшіне енетін бірқатар іргелі заңға көпшілік алдында қол қойдым. Біз жер мен барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген принципті маңызды норманы бекіттік. Сондай-ақ аралас сайлау жүйесіне көшуді бекіттік. Осының барлығы мемлекеттің тұрақты дамуына, азаматтық қоғамның прогрессивті ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға жағдай жасайды», деп қосты ол.
16 қараша 2022 ж. 337 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031