Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғырудың өзегі – саяси реформалар

Жаңғырудың өзегі – саяси реформалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жасаған кезекті «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауында елімізді дамыту жолындағы негізгі 10 реформа аталды. Президент елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың бағдарламасын таныстырды.

Жолдаудағы негізгі бағыт жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға тыйым салу, Парламенттің рөлін күшейту, Мәслихат төрағасы лауазымын енгізу, Сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық моделі, Партиялық жүйені дамыту, Конституциялық сот құру, Ұлттық құрылтай құру, Жаңа облыстар құру жөнінде жасалған. Мемлекет басшысының ауқымды бастамалары еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертетін болады. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі деп күтілуде. Мемлекет басшысы: «Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Біз кез-келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін»-деді.

Мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды құрудағы жаңаша реформасын партия мүшелері де бірауыздан қолдап, жүзеге асыруға атсалысатын болады.

Ардақ КӘДІР,
Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT»
партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
17 наурыз 2022 ж. 1 033 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031