Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар табыстарының тең жартысын азық-түлік алуға жұмсайды

Қазақстандықтар табыстарының тең жартысын азық-түлік алуға жұмсайды

Қазақстандықтардың шығындары жан басына шаққанда орташа есеппен 225,3 мың теңгені құрайды. Бұл халықтың орташа табысының 94,6%-ы, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, еліміздің төрт өңірінде халықтың шығыстары кірістерінен асып түседі: Алматыда (10,6%-ға), сондай-ақ Алматы облысы (10%-ға), Жетісу (9,9%-ға) және Түркістан (5,4%-ға) облыстарында.

Халық шығынының 51,4%-ы немесе 115,8 мың теңгесі бірден ең қажетті азық-түлік тауарларына бағытталды. Ал еліміздің төрт өңірінде – Маңғыстау, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында азық-түлікке жұмсалған қаражат шығыстардың 60%-дан астамын құрайды.

Бұл облыстарда тұрғын үймен қамту көрсеткіші де төмен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тізімді Жамбыл, Түркістан және Алматы (қазіргі уақытта Алматы және Жетісуға бөлінген) облыстары бастайды.

Аталмыш өңірлердің тұрғындары үшін, сондай-ақ, негізінен, салыстырмалы түрде табысы төмен барлық қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің уақыт сынынан өткен нұсқасы – тұрғын үй жинақтары жүйесі. Сонымен қатар, жалақысы төмен қазақстандықтар коммерциялық банктердің стандартты ипотекалық бағдарламаларын ала алмайды: несиелік қаражат банктердің мөлшерлемелерін есепке алғанда тым қымбатқа түседі. Тұрғын үй құрылысы жинақтары табысы төмен болса да жүйелі түрде қаражат жинауға, содан кейін қолайлы мөлшерлеме бойынша несие алуға көмектеседі. Бұл құрал қазір барлығына дерлік қол жетімді.

16 қараша 2022 ж. 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031