Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды

Қазақстанда 2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір үйде азық-түлікке жұмсалатын шығындар орташа есеппен 319,4 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8% артық.
Азық-түлікке кететін шығынның үлесі тұтынушылардың барлық шығынының 52,7% құрады, бұл өткен жылы 49,2% болған, деп хабарлады ranking.kz. Азық-түлікке ең көп шығындалатын тұрғындар Атырау облысында (2020 жылдың төртінші тоқсанында 404,7 мың теңге), Түркістан облысы (393,2 мың теңге) және Қызылорда облысы (383,6 мың теңге). Азық-түлікке жұмсалатын шығынның көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне жұмсалады – 18,6% тиесілі. Тағы 7,8% нан және жарма өнімдеріне, 5,2% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі. 2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін, 35,5 келі нан-тоқаш өнімдері мен жарма, 63,4 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды. Жалпы, 2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 83,9 кг ет және ет өнімдерін тұтынған. Ең жоғары тұтыну Қарағанды мен Ақмола облыстарында байқалды – жан басына шаққанда орта есеппен 101,7 және 100,7 кг. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында азық-түлік бағасы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 10,6% өсті. Бағаның едәуір өсуі елордада және Павлодар облысында (11,2%), сондай-ақ Шымкентте (11,1%) байқалды. Ет және ет өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда 12,7%, Павлодар облысында 11,2%, Шымкентте 10,9% өсті. Қазақстанда ет және ет өнімдері орташа есеппен 12,1% қымбаттады.


30 наурыз 2021 ж. 2 416 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 79

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 50

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031