Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер жаман әдетке құмар ма?

Жасөспірімдер жаман әдетке құмар ма?

Балалар жылының аяқталуына да санаулы ай қалды. Жыл басынан бері бала еңбегін қанау, оларға бағытталған құқықбұзушылықтардың, қылмыстың алдын алуға және мүмкіндіктерін ашуға бағытталған шаралар да, мінберде айтылған сөз де аз болмады. Ендігі кезек кішкентайлардың жаман әдетке жақындығы тақырыбында болып отыр. Неге десеңіз, ер жеткесін шылымға әуес болып, ащы судан тартынбайтын азаматтардың көбеюі бала кездегі үлкендердің бақылауының аздығынан болып отыр. Бұл мәселе қазір де өзекті.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жасөспірімдерге энергетиктерді сатуға тыйым салуды қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысы жұртшылығымен кездесуі кезінде айтты. Сондай-ақ темекі тұтынуға байланысты: «Бұл ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек. Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай. Біздің елде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Алайда бұл жағдай іс жүзінде байқалмайды», – деді Тоқаев.
«Ауруын жасырған өледі» деген тәмсілдің ақиқаты жанға батпас үшін, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдағы түйіткілді су бетіне шығаруымыз керек. Мәселен, Қазалы ауданындағы мектеп қабырғасында жүрген жеткіншектердің арасында мұндай жайт орын алып тұратыны рас. Бұл жайында аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Ерімбетов айтып берді.
– Шынында шылым шегуге әуестік балалар арасында өзекті мәселеге айналып келеді. Былтыр электронды шылымдар танымал бола бастағанда оны пайдаланытын оқушылар туралы ақпар алдық. Соның алдын алу мақсатында бірлескен салааралық комиссия құрып, кесте бойынша 37 мектепті түгел аралап, жиын өткіздік. Әлі оң-солын танып үлгермеген жеткіншектерге зиянды әдеттердің салдары қалай болатынын, оның болашақ өміріне қандай зиян келтіретінін барынша ұғындыруға тырыстық. Қуыс, оңаша жерлерді аңдыдық десек те артық айтқандық болмас, үш баланы шылым тұтатып жатқан жерінен ұстап, тәртібімен ұзақ уақыт жұмыс істедік. Сәйкесінше, оларға тыйым салынған затты сатқан дүкендерді анықтап, құзырлы органдар айыппұл салды. Әрине мұнымен кішкентайлардың жаман әдетке әуестігін толығымен тоқтата алмаймыз. Мұндайда ең алыдмен ата-аналардың жанашырлығы, балаларының болашағына деген жауапкершілігі шешуші рөл ойнайды. «Әкеге қарап ұл өсер» демей ме?! Үйде насихат көбірек айтылса екен деген тілек бар.
Ал бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғасады. Қарашаның 26-28 арасында прокуратура, полиция және жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, энергетикалық сусындар, әсіресе темекінің зияны туралы ақпараттық топ кешенді жоспар бойынша мектептерді аралаймыз, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы.
Жаңашылдыққа санасы ашық жеткіншектер тың дүниеге қызығушылығы басым болатыны түсінікті. Осындайда қыз балалардың арасында да тәтті дәм беретін бір реттік электронды сигареттерді тұтынушылар аз емес. Құрылғы жағымсыз иіс шығармайтын болғандықтан жасөспірімдер ұсынған қолдан тартына бермейді. Бұл бағыт бойынша аудандық кәсіпкерлік саласының мамандары дүкен иелеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізсе артық болмас еді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 қараша 2022 ж. 318 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031