Қазақстанда вейп қолдануға ресми түрде тыйым салынады
Қазақстанда вейп сатуға және қолдануға ресми түрде тыйым салу көзделіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Денсаулық кодексіне құрамында сұйық, газ, хош иістендіргіштер сияқтыр темекі қоспалары бар электронды құрылғыларды, яғни вейп сатуға және пайдалануға тыйым салатын өзгертулер енгізбекпіз. Қазақстанда оларды сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Сондықтан Қазақстанда пайдалануға толық тыйым салынады. Сонлықтан біз Салық кодексінен бұл ұғымды мүлдем алып тастадық", - деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.
Сондай-ақ Мәжіліс темекі қыздыратын құрылғыларға акциз енгізу бойынша түзетулерді мақұлдады.
"Негізгі дау тудырған себеп те осы темекі стигіне салынатын акциздік салықтар болып отыр. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қыздырылатын темекіге ешқандай салық салынбай келгенін білесіздер. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, оның зияны қарапайым темекіден еш кем емес. Бүгін депутаттар сондай стиктерге акциз салу туралы шешім қабылдады.Оларға қарапайым темекіге салынатын акциздің 70 пайызы көлемінде акциз салу туралы шешім қабылданды», - деді А. Жамалов