Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ат спорты жанданып келеді

Ат спорты жанданып келеді

Шынын да қазақтың тіршілігі төрт түлік малмен өрістеген. Оның ішінде атпен байланыстысы басым екені даусыз. Содан болар, халқымызда жылқы үстінде сыналар спорттық ойын түрлері де аз емес. Соның бірі – көкпар.
Аталған ұлттық ойын түрі бұған дейін ауданда өткізілмеген. Бірақ бұдан кейін жергілікті жерде ұдайы ұйымдастырылатын болады. Тіпті, жуырда соның алғашқысы жоғары деңгейде өтті.
Қазалы спорт клубының ұйымдастыруымен өткен сайыстың мақсаты – ауданда ат спортын дамыту. Сайыс аттың құлағында ойнайтын шабандоздардың бас қосуымен Үйрек елді мекенінің шығыс бетінде болды. Жекелей өткен көкпарға 30-ға жуық үздік қатысты десек, әрбірі демеушілердің қаржылай сыйлығын еншілеу үшін бар күшін салды.
Осы тұста ат спортын дамытудаға білек сыбана кірісіп, демеушілік жасап жүрген азаматтарды айта кеткен жөн. Олар Жалаңтөс батыр ауылдық округінің жас кәсіпкері Ақниет Бөлеков және Бейбіт Салмаев.
Бұдан бөлек қаржылай қолдау жасаған Нұртуған Өтегенов, Руслан Жолбарысов, Медет Қайруллаев, Нұрсұлтан Қанатов, Тұңғышбай Жолбарысов, Айбурана Көшербаева және Кенжебек Ахметуллаевты да баса айтқан дұрыс.
Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Сондықтан сайыстағы епті, қарымды жігіттерге де тоқтала кетейік. Салым салуда ерекше көзге түскен көкпаршылар Нұрсұлтан Нағашыбаев, Алмат Көбейсін, Нұрсұлтан Орынбасар, Өркен Оңғаров, Мұқан Бегімов, Махамбетжан Досымжан, Дамир Бекмырза және Алтынбек Жұмабай.
– Бұған дейін қазақтың ұлттық ойыны көкпардан сайыс ұйымдастырылып жүрген жоқ. Әрі-бері ойлана келе бастап кеткенді құп көрдік. Жоғары деңгейде өтті деп толықтай айта аламын. Алдағы уақытта аудандағы ат спортын дамыту үшін қолдан келген жұмыстарды жоспарға алатын боламыз. Сондай-ақ, өткен жекелей көкпарға қолдау көрсеткен, – дейді кенттік спорт клубының басшысы Нұртуған Өтегенов.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
01 қараша 2022 ж. 808 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930