Тұрғындар тілегі ескерусіз емес
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ай сайын ауыл адамдарымен жүздесіп, сондағы тіршіліктің тынысына талдау жасап жүр. Одан бөлек Президент пәрменімен тоқсан сайын тұрғындардың талап-тілегін тыңдап жүргені тағы бар. Жуырда осындай есепті кездесудің куәсі болдық. Нақтыласақ, аудан әкімі өткен бейсенбі күні Сарыкөл, Көларық және Арықбалық округтеріне барды.
Ең әуелі «Ауылға барам, бәрі де туыс ел жақта, аңқылдайды олар, қарамайды олар бар жоққа» деп әуендете отырып, Сарыкөл ауылын бағыттап алдық. Жасыл желегі жайқалған Абай ауылы тұрғындар арасында бұрыннан «Қазалының Швейцариясы» аталып кеткен. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені Сырдария өзенінің жағасындағы ауылдың тал-терегі алыстан менмұңдалайды. Аспалы көпірден асып, ауылдық клубта басталған жиында аудан басшысы елді мекен жұртын өткен Республика күінмен құттықтай келе, 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.
– Өткен аптада облыс орталығында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерейлі мерекесі өтті. Яғни жыл қорытындыланды. Биылғы аяқсу тапшылығына қарамастан, ел-халықтың жұмыла көтерілген жұмысының арқасында биыл үшінші мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде Қазалы ауданы «Озат аудан» номинациясын жеңіп алды. Бұл халықтың үлкен еңбегі деп білемін.
Оның алдында ауданға 1000-ға жуық спортшы келіп, облыстық спартакиада өтті. Мұнда біздің спортшылар 108 ұпай жинап, 7 ауданның ішінде үздік болды. Жергілікті жерде жеңіске жеткеніміз көпшіліктің тілегі, ыстық ықыласынан деп білемін.
Негізі ауданның көрсеткіштері 7 көрскеткіштен тұрады. Олар инвистиция тарту, құрылыс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын өңдеу, өнім, тұрғын үй құрылыстарын салу. Біз осылардың барлығын 100 процент орындап, жылды жақсы аяқтағалы отырмыз.
Өткен жолы 6 айлық көрсеткіш бойынша кездескенімізде біраз түйткілдер айтылып, шешу жолдарын қарастырған едік. Міне, бүгін 9 айлық қорытынды бойынша алдарыңызға келіп отырмыз. Тағы да ұсыныс-пікірлеріңіз болса, тыңдауға дайынбыз, – деді аудан әкімі.
Бұдан бөлек жол мәселесі, абаттандыру, көгілдір отын жайын тілге тиек еткен аудан басшысы тұрғындарға сөз кезегін берді. Бір қуантарлығы, округ жұрты жеке бастың мәселесін емес, елді толғандырған ұсыныстар және ауылды көркейтуге байланысты ойларымен бөлісті.
Мәселен, хакім Абай атына берілген елді мекеннің жұрты ауыл айналасындағы жайылымдық жерлерді суландырып, жеке азаматтардың қолындағы жерлерді Сарыкөл ауылдық округіне қайтару қажеттігін айтты. Сонымен қатар ауылдағы электр желілері мен бағаналарын жаңалауды сұрады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес елді мекендегі тұрғындармен келесі кездесуі Көларық округінде жалғасты.
Шынында, Ақтан батыр ауылында түйіні тарқатылмай тұрған түйткіл жоқтың қасы. Мұны сондағы ағайынның әңгімесінен аңғардық. Алайда басты мәселе көгілдір отынның қажеттілігі туралы айтылды. Ал бұл туралы аудан әкімі есеп беру кезінде толықтай түсіндіріп берді.
– Биылғы жылы Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдық округі жұртын көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқындып жүріп жатыр. Тіпті 99 процент аяқталып тұр деп айта аламыз. Ал алдағы уақытта Ақтан батыр мен Жанқожа батыр ауылдарына қосу шаруасын қолға аламыз. Сәтін салса, осындағы халыққа да көгілдір отын игілігін көретін күн бұйырады, – деді аудан әкімі.
Басқосу соңында елді мекен тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, алдағы уақытта да игілікті істер жалғасын таба берсін деген тілектерін жеткізді.
Бабалар мұрасын берік ұстанып, бірлік пен парасат пайымды биік етіп, ұлттық болмысын жаңғыртып, жаңа өзгерістермен жаңарып отырған құтты қоныстың бірі – Жанқожа батыр ауылы. Кезекті есепті кездесу Әйтеке би кентінен 38 шақырым қашықтықта жатқан елді мекенде жалғасты.
9 айлық қорытынды баяндалғаннан кейін тұрғындар сөз алды. Мұнда ауыл тұрғыны Қожас Медеубаев скважина қазу, Құлпыбай Құрманәлі апаттық жағдайдағы мектепті қайта салу мен елді мекенді газдандыру жұмыстарын тезірек бастау, Жетібай Қарасаев қоғамдық көлікті реттеу мен «Оң жаға» магистральді каналына су жіберу, Ақан Төлешов ауыл маңындағы шлюздерді жөндеу сияқты ұсыныстарын жеткізді.
Көпшілік тарапынан көтерілген әрбір мәселеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке-жеке тоқталып, барлығына нақты жауап қатты. Кейбір мәселелерге байланысты тиісті бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары да түсініктеме беріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Кездесулерден соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудан прокуроры Дарын Әбіш тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, елді мекендердегі білім ордаларына арнайы барып, мектептердің жай-күйімен танысты.
Халықпен кездесуге аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Абзал ЖОЛТЕРЕК