Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Бейсенбі-жұма күндері аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев пен аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков бастаған азаматтар Арықбалық, Көларық, Сарыкөл, Алға, Ақжона, Майдакөл ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Сондай-ақ, олар елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныс­ты.
Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков аудандық мәслихат депутаттарымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсе, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ө.Өтеп-Әлі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістер туралы түсіндірді. Халықты аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар, басқосуларда тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндіру мәселелері қаралды. Ауыл тұрғындарынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Бұдан бөлек, аталмыш ауылдық округтердегі әлеуметтік-мәдени нысандардың жылу маусымына дайындығы тексерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Совет Бабанаев пен бөлім басшылары Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округтеріне барып, тұрғындармен тілдескен болатын. Ал аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай болса, ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Сарбұлақ, Шәкен, Шилі елді мекендерін аралады. Әкімнің тағы бір орынбасары Әлімжан Жарылқағанов бастаған жұмыс тобы Басықара, Құмжиек ауылдық округтерінде болған еді.

Кәусар БЕГІМ
ФОТО: Ғалымжан АЛДАМЖАРОВ
14 қыркүйек 2018 ж. 1 585 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930