Бақылау касса машиналарының мемлекеттік тілде чек беру тәртібі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) тіл саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті орган ретінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қоғамдық орындарда және т.б. тіл заңнамасының сақталуын бақылауға қатысты жүйелі жұмыс жүргізуде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының (бұдан-Заң) 4-бабаына мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Заңның 10-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 Қосымша қаулысына сәйкес мемлекеттік тіл мәртебесінің үстемдігі негізінде оның жария - құқық саласында қолданылуына айрықшылық пен басымдық берілген.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясы әркімге өз қалауы бойынша қарым -қатынас тілін таңдап алуға құқық береді. Бұл орайда, ынталандыра отырып, мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуына, мемлекеттік құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.
БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс. Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.
Г.ЖАҚСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы