Бақылау касса машиналарының мемлекеттік тілде чек беру тәртібі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі -Министрлік) тіл саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті орган ретінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қоғамдық орындарда және тағы басқа тіл заңнамасының сақталуын бақылауға қатысты жүйелі жұмыс жүргізуде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының (бұдан-Заң) 4-бабына мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Заңның 10-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 қаулысына сәйкес мемлекеттік тіл мәртебесінің үстемдігі негізінде оның жария - құқық саласында қолданылуына айрықшалық пен басымдық берілген.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясы әркімге өз қалауы бойынша қарым -қатынас тілін таңдап алуға құқық береді. Бұл орайда, ынталандыра отырып, мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуына, мемлекеттік құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.
Министрлікке азаматтардан бақылау – касса машиналары (бұдан әрі -БКМ) арқылы жасалатын операциялардың тіліне қатысты ауызша арыз-шағымдар түсуде. Себебі барлық сауда нүктелері, банктер, әуежайлар мен қоғамдық орындардағы (асхана, дәмхана, мейрамхана, дәріхана, театр, кинотеатрлар және т.б.) БКМ арқылы берілетін түбіртек тек орыс тілінде басып шығарылады.
БКМ модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібі мен қағидасы «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген. (бұдан әрі - Қағида).
БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс. Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Қаржы министрінің БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3 - қосымшасына (1-кесте) сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: «30.БКМ Салық кодексінің 166 - бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс».
Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар, яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін мәлімдейміз.
Осыған орай, салық төлеушілер арасында бақылау – касса машиналарының мемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырамыз.
Г. ЖАКСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы