Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Қазалы аудандық сотында аудандық қазынашылық басқармасы мен мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамыту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында судья Қ.Мыханов, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатынын айтып өтті. Қазақстан Республикасында барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығын, мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі екендігін, еліміз егемен мемлекет атанған уақыттан бастап қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетіндігін, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ халқының тіл білімі және ғылымы саласында көптеген еңбектер жасалып, сол еңбектер қазірдің өзінде халықтың игілігіне пайдаланылып жатқандығын айта келе, аталған тақырыпты жан-жақты зерделеуді, оның жүзеге асырылуына барлық мүмкіншілікті пайдалануды тапсырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілді қолдаудың ешқандай азаматтың мүддесіне нұқсан келтірмейтінін және де мемлекеттік тілді дамытудың бірден-бір жолы – іс-қағаздары мен іскерлік байланыс құжаттарын мемлекеттік тілге көшу екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар тіл мәселесі қазіргі кезде өте өзекті екенін және қай кезде болсын өз ана тіліміздің мәртебесін көтеру жөніндегі өз пікірлерін айтты.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі

03 мамыр 2018 ж. 1 695 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930