Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламмен қиялға қанат бітірген

Қаламмен қиялға қанат бітірген

Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен «Қолөнер – мол өнер» атты білім саласының ардагері, қылқалам шебері, мүсінші Тастайбек Иманғалиевпен кездесу өтті.
Шара аясында шеберлік сағаты ұйымдастырылып, көз майын тауысып салған туындылары, әр жанрды қамтыған суреттері көрме арқылы көпшілікке таныстырылды. Ардагер ұстаздар, ағайын-туыстары, білім саласындағы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен оқушылар қатысқан кеште аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қуанышбаев, шәкірті Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің көркемеңбек пәнінің мұғалімі Дәурен Сәрсенбаев, Әйтеке би кенттік клубының директоры Нұрлыбек Сүлейменов және басқа да құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Кеш иесіне аудан әкімі М.Оразбаевтың алғыс хаты тапрысылып, кенттік клуб ұжымы атынан сый-құрмет көрсетілді.
Келер жылы 70 жасқа толатын қылқалам шебері Тастайбек Иманғалиев Қазалы ауданында дүниеге келген. Бозкөл ауылынан 10 сыныпты бітірген бозбала 1973-1977 жылдары Қазақтың Абай атындағы педогогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде біліп алып, бойдағы қабілетін шыңдаған. 1977-1979 жылдар аралығында аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында көркемсурет шеберханасында суретші және шеберхана меңгерушісі болды. Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар мүсінші Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте сызу, бейнелеу өнері пәнінен сабақ беріп, балаларды өнерге баулыды. Бертін келе Жанқожа батыр атындағы №70 мектепке ауысып, зейнет жасына жеткенше еңбек етті. Жолдасы Зинегүл Жәленқызымен үш бала тәрбиелеп өсірді.
Талантты ұстаздан тәлім алған шәкірттері түрлі байқауларда топ жарып, дарынын дәлелдеді. Суретшінің сырлы әлемінен сыр ұқтырар дүниелері көрген көздің жауын алады. Қаламмен қиялына қанат бітіретін шебердің жеткен жетістіктері де аз емес. Ол Халықаралық ұстаздар одағының, Облыстық оқу орталығы жанынан құрылған бейнелеу өнері және сызу пән бірлестігінің мүшесі. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі «Алғыс» хаттар мен «Құрмет» грамоталары шығармашыл ұстаздың шыққан шыңының биіктігін аңғартады. Әр жылдары «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық Бірлестігінің «Алғыс» хатын иеленген. Бүгінде зейнеткерлік демалыстағы суретші шығармашылықтан әлі де қол үзген емес. Қолы қалт етсе, қалам, қағазын қолына алып, әсемдікті дәріптеуге дайын тұрады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 қыркүйек 2022 ж. 396 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930