Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас суретшілер жарысы

Жас суретшілер жарысы

Әйтеке би кентіндегі мектеп оқушылары арасында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бояудың құпиялары» атты 10-14 жас және 15-18 жас аралығындағы жас суретшілердің байқауы өткізілді. Талапкерлердің өнерін қылқалам шебері Тастайбек Иманғалиев пен Ж.Тұрсынов атындағы Халық театрының суретшісі Әбілқайыр Өтелбаев бағалады.
Қоршаған ортасын, өзінің дүниетанымын, бала қиялының ұшқыр ойларын қағаз беттеріне түсіру, қиялына қанат бітіру, оларға ерекше назар аудару, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздерінің көркем еңбектерін көрсетуге мүмкіндік беру, жас таланттарды табу, халыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста әр талапкер портрет, натюрморт, пейзаж жанрында салған туындыларын әкеліп көрме жасады. Берілген уақыт шеңберінде еркін тақырыпта сурет салды. Барлық талаптар бойынша үздік өнер көрсетіп жүлдеге ие болған жас суретшілер кенттік клуб дайындаған дипломдар мен естелік сый-сияпатқа ие болды.
Жас суретшілер сайысында №170 мектептің 7 сынып оқушысы Саяжан Ғабитқызы бірінші орынды жеңіп алды. №216 мектептің 5 сынып оқушысы Камилия Берденова екінші, №249 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Альбина Жалғасбай үшінші орынға лайық деп танылды.
15-18 жас бойынша бірінші орын №249 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Толғанай Тілеповаға бұйырды. №70 мектептің 11 сынып оқушысы Назым Асылбектің туындысы екінші, №226 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Балагүл Байғараштың суреті үшінші орын иеленді.
Шәкірттердің бойындағы талантын шыңдап, бәйгеге баптаған жетекшілері де алғысқа бөленіп, құрмет биігінен көрінді.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ

04 мамыр 2022 ж. 1 015 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930