Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп жағдайы партия назарында

Мектеп жағдайы партия назарында

Осыған дейін әлеуметтік желілерде және республикалық сайттарда қызу талқыға түскен Жанқожа батыр ауылында орналасқан №94 мектеп ғимаратының техникалық жағдайымен танысу және мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында, бүгін аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әліш, комиссия мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев, Ділдабек Айтмамбет және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев мектепке арнайы барды.
Мониторинг жұмыстары барысында “KZ Стройэксперт” серіктестігінң тиісті мамандары тарапынан эксперттік қорытынды жасалғандығы, қорытындыға сәйкес ғимараттың апаттық жағдайда екендігі және техникалық талаптарына сәйкес келмейтіндгі анықталды.
Қазіргі таңда аудандық білім бөлімі тарапынан аталмыш ауылда мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге қажетті қаржысы есептеліп, бюджеттік өтінім дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуанышбек Андасұлы баяндады. Сондай-ақ облыстық білім басқармасына мектеп ғимаратын апаттық жағдайдағы мектептер қатарына енгізіп, алдағы уақытта тиісті жұмыстардың жүргізілуіне ықпал жасау жөнінде ұсыныс хат жолдананғаны анықталды.

Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірақтар ұсыныстар беріп, тиісті жұмыстардың нақты жүргізілуіне көңіл бөлуді тапсырды.
26 наурыз 2022 ж. 392 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 137

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 194

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 140

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930