Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мектебі апаттық жағдайда тұр

Ауыл мектебі апаттық жағдайда тұр

Бұған дейін аудан атқамінерлерінің білім саласына қатысты мақтанышының бірі – апаттық жағдайда тұрған мектептің жоқтығы еді. Әрине, мезгіл өзгерген сайын адам қолымен салынған дүниенің тозығы жетіп, келбеті келісіңкіремей қалатыны қалыпты құбылыс. Жақында Жанқожа батыр ауылында жыл сайын күтімі жасалып тұрса да, іргетасы сөгіле бастаған мектеп анықталды.
Негізінен ауыл мектебінің жертөлесіндегі бетон жабыншасын ұстап тұрған кірпіштер мүжіле бастаған. Ардагер-ұстаз, кезінде жауапты қызметте болған Шарафаддин Алтынбай білім ордасының іргетасы қаланғанда кемшіліктер байқағанын айтады.
– Рас, бұл мектепке назар аудару керек. 1991 жылы, осыдан 31 жыл бұрын, ештеңе жоқ, қым-қуыт заманның өзінде-ақ, әр мектепті аралап жүріп, осы оқу ғимаратының көне интернат жағынан апаттық ақау байқағаным есімде. Содан екінші қабатының үстіне темір құрсау салғыздық. Бұдан кейін мектептің жауын-шашын ұстамайтын төбе жабынын Шымкенттен әкеліп жапқызып едік, – деп сол тұстағы құрылыстың сапасыз жүргізілгеніне ден қойған. Ақсақал "Жаңа Қазақстан" құру кезеңінде, халықтың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, мәселеге қатысы бар аудандағы жауаптыларады «Бас жарылса бөрік ішінде» деген тәмсілге сүйеніп, абыроймен шешуге шақырған.
Ал нысанды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салған сол мектептің ұстазы Ақан Төлешов балалар қауіпсіздігін ойлап, жаңа мектеп құрылысы тезірек басталса деген тілегін айтты.
– Жазба жарияланғаннан кейін, олқылық орын алған жерді тиісті мамандар қалыпқа келтіріп жатқанын естідік. Сонымен бірге көптің тілеуі – апатты жағдайда тұрған шеткі блокты жапқан. Бұл оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігіне байланысты жасалып жатқан жағдай екені белгілі. Көктемгі демалыс жеткенде қорқынышымыз басылды. Оның үстіне жаңа мектеп құрылысын қолға алуға байланысты жұмыстар да басталып кеткен көрінеді. Өскелең ұрпақ үшін салынғалы жатқан нысан ауылдың орталығына, бұрынғы жасанды алаңның орнында бой көтерсе, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Ал аудандық білім бөлімінің басшысы аталған келеңсіздікті былтыр байқағанын айтады. Мектеп басшысымен бірге жертөлеге түсіп, мән-жайды зерттеген бейнежазбасын да көрсетті. Осыдан кейін тиісті мамандарға тапсырма беріп, жаңа білім ордасының құрылысына қажетті шараларды қабылдауды тапсырған. Аудандық білім бөлімінің ресми парақшасында: «Қолданыстағы заңдылыққа сай сол жылы «KZ Стройэксперт» серіктестігінің мамандары эксперттік қорытынды жасады. Құжатта ғимарат қанағаттанарлықсыз және конструкциялық элементтер бастапқы техникалық-экономикалық сапа талаптарына жауап бермейтіндіктен, апаттық жағдайда екені нақтыланды. Эксперттік қорытынды дереу тиісті орындарға жолданып, хабардар етілген.
Қазіргі таңда батыр атындағы ауылда мектеп құрылысының ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржысы есептеліп, бюджеттік өтінім дайындалуда», – делінген. Бөлім басшысы Әділхан Жөлекешовтың айтуынша, бүгін-ертең нысан бой көтеретін жер белгіленеді. Бюджетке өтінім беруге қажетті құжаттар да мәресіне жетіп қалған. Соған қарағанда Жанқожа батыр ауылына мектеп тұрғызатын құрылысшылар келер күн алыс емес.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 наурыз 2022 ж. 738 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930