Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вокзалдар жағдайына бақылау жасалды

Вокзалдар жағдайына бақылау жасалды

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теміржол мен автобус вокзалдарында жасалған жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында партиялық бақылау тобы рейд жұмыстарын жүргізді.

Шараға Қазалы аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Бекқали Бекбаулов, Ғазиз Әліш, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, филиал сарапшысы Алтынай Кенжалиева, «Jas Otan» Жастар қанаты аудандық бөлімше басшысы Гүлдәрі Иманалиева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі Өмірбек Кетебай, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Жомарт Сарабек қатысты.
Бақылау барысында орын алған кемшіліктерге ескерту жасалып, көпшілік пікірі тыңдалды. Аталған ұсыныстар тиісті орындарға жолданып, орындалуы назарда ұсталады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 ақпан 2020 ж. 1 080 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 198

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930