Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маркеттегі баға мәз емес

Маркеттегі баға мәз емес

Бүгін "Nur Otan" партиясының Қазалы аудандық филиалы базар бағасының тұрақтылығы оның ішінде әлеуметтік тауарлардың бағасын бақылау мақсатында мониторинг жұмысын жүргізді.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен бірлескен мониторинг жұмысы базар және кіші маркеттер мен көтерме сауда орындарында жүргізілді.
Бағаны бақылау барысында "Арзан" супермаркетінде кейбір әлеуметтік тауарлардың шекті бағадан тым қымбат екені анықталды. Осы уақытқа дейінде жүргізілген мониторинг жұмыстарында аталған сауда орнына ескерту берілген болатын. Алайда, бағалар бәз қалпында. Ал, өзге сауда орындарында баға тұрақты екені анықталды. Халық көп шоғырланған сауда орындарында зат алушы тұрғындармен де тілдесу жүргізіліп, олардың да пікірлері тыңдалды.
Аталған мониторинг жұмысы бойынша аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау тобы тиісті орындар арқылы тиісінше жұмыстар жүргізетін болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 желтоқсан 2020 ж. 1 335 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 47

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 48

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 51

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 52

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031