Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлескен отырыста өзекті мәселелер талқыланды

Бірлескен отырыста өзекті мәселелер талқыланды

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысты аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Тілеп Ибайдулла Тілепұлы ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Жалғасбаев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Әліш, кеңес мүшелері Қ.Мәмбетжан, Ә.Сарабеков, Д.Айтмамбет, Е.Табынбаев, аудандық филиал сарапшысы А.Кенжалиева қатысып отырды.       
Отырыстың күн тәртібіне үш мәселе ұсынылып, қаралды. Қазалы аудандық полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарған жұмыстары және «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы №113 тармақтың орындалуы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әлиев Айбек Алмасұлының; «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қазалы ауданы бойынша жол картасының білім сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Ондасынұлының; аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Ауыл ел бесігі», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы бөлім басшысы Күзембаев Нұрбек Кенжебайұлының хабарламалары тыңдалды.
Хабарлама барысында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, күн тәртібіндегі мәселелерге орай тиісті қаулылар қабылданды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

15 қыркүйек 2021 ж. 659 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031