Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада құқық қорғаушылар арасында футболдан жарыс өтті

Қызылордада құқық қорғаушылар арасында футболдан жарыс өтті

2018 жылдың 7 сәуірінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен қызмет салалары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Аталмыш жарыстың басты мақсаты - құқық қорғау органдары қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады.
Спорттық додаға барлығы 8 команда, 100 қызметкер қатысты.
Құқық қорғаушылар арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы иеленсе, ІІ орынды Қызылорда қаласының ішкі істер басқарманың Тергеу бөлімі құрама командасы алды, ал ІІІ орынға Қызылорда облысының мамандырылған күзет қызмет басқармасы тұрақтады.
Сондай-ақ жарыс шеңберінде үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік ойыншы бойынша үздіктер анықталды. «Үздік қорғаушы» номинациясына ҚІІБ Штаб бөлімінің қызметкері Пазылбекұлы Нұрдаулет лайық деп танылса, «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша ҚІІБ Тергеу бөлімінің тергеушісі Аблаким Нариман, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша Қызылорда облысының Мамандырылған күзет қызметі басқармасы құрама командасының ойыншысы Жақсылықов Зерхан, «Үздік ойыншы» аталымы бойынша ҚІІБ Анықтау бөлімінің құрама командасының ойыншысы Абдигаппаров Алимұрат марапатталды. Және де ең жасы үлкен «Ардагер ойыншы» номинациясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкері Ахметов Арман Богенбаевич лайық деп танылды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда ҚІІБ-ның баспасөз қызметі
10 сәуір 2018 ж. 2 148 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031