Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер «Тәуелсіздік күні» мерекесін салтанатты түрде атап өтті

Қызылордалық полицейлер «Тәуелсіздік күні» мерекесін салтанатты түрде атап өтті

Еліміздің тәуелсіздік алған күні – қазақ халқы үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің егемендігін қорғау жолында адал қызмет етіп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлері де мерекелік көңіл күймен атап өтті.
Осыған орай, 14 желтоқсан күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға ішкі істер саласының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты.
Шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Сағымбаев Еркін Сәбитұлына «полиция подполковнигі» арнаулы атағы мерзімінен бұрын берілсе, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы мен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Серікбаев Ермек Серікбайұлы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Департаменттің Арнайы даярлық басқармасының бастығы полиция майоры Балдақов Марат Ізбасарұлы Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы кезекші бөлімінің аға инспекторы Нұрманов Жалғас Кемелбайұлы ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омыраулық белгісімен марапатталды.
Сондай-ақ Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлының бұйрығымен департаменттің 79 қызметкері, 9 ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай, департаменттің басқарма бастықтары арасында Макаров тапаншасынан атудан жарыс өткізілген болатын. Шара барысында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша І орынды Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ахметов Алтынбек иеленсе, ІІ орынға Тылмен қамтамасыз ету басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Туляпов Сейтмұрат тұрақтады. Ал сайыстың қола жүлдегері болып Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қамитбеков Сағындық танылды.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін», - деді Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тұңғышбаев Серікбол Қуатбайұлы.
Мерекелік іс-шара Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
15 желтоқсан 2017 ж. 3 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031