Азат ұрпаққа арналған ақыл

Бүгінгі жастардың бодандық ойдан ада, көңіл көкжиегінің кеңдігі, білімге деген құштарлығы аға буынды сүйсіндірері сөзсіз. Осы тұста ұрпақ санасында ұлтқа деген махаббат, елге деген жанашырлық қатар үндесуі керек. Елбасының тарихқа құрметпен қарап, тәуелсіздіктің қадірін білу ел азаматтарының мызғымас міндеті екенін еске салғаны өте орынды. Бұдан бөлек ұлтына, дініне, тіліне қарамастан адамдар арасында ынтымақ пен бірліктің үстемдік құруы, келісті келісімнің болуы да дамуға бастайды.
Н.Әбішұлының шекараны шегендеуден еткен еңбегін көпшілік біледі. Оны осындай біртұтас қалпында сақтау заман тұтқасын ұстағандардың қасиетті борышы болып қалмақ. Өйткені бабадан қалған ең үлкен мирас – қазақтың кең байтақ жері. Сондай-ақ салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын санада мықтап сақтау – сапалы қазақ бойында болуы тиіс қасиет. Ұлт лидерінің қазақ мәдениетіне жанашырлығы, өскелең ұрпақтың білім алып, еңбек етуіне деген тілектестігі мені бейжай қалдырмады. Бәсекеге қабілетті болу үшін мұндай артықшылықтар адам баласын басқадан биік көрсететінін Абайды оқығасын білеміз. Түсінгенім, елдікке бастайтын жеті тұғыр – саналы, бәсекеге шыдас бере алатын қазақтың бойында болуы тиіс жеті асыл қасиет болса керек.

Ибайдулла ТІЛЕП
облыстық маслихат депутаты
облыстық маслихат депутаты