Шекараны шегендеген кемеңгер

Географ ретінде табиғаты мамыражай, табиғи апаттардан алшақ орналасқан Отанымыздың әлем бойынша териториясы кең 9 елдің қатарына кіретінін мақтанышпен айта аламын. Елбасы тек жерімізді сақтап қалған жоқ, сонымен бірге халқымызға азық, елдігіміздің егемендігін сақтауда көмекші ресурс – қазба байлығымызға да қорғаныш бола білді. Қазірдің өзінде Қазақстан аумағынан Менделеев кестесіндегі барлық элементті Алтай мен Атыраудың арасынан оңай кездестірге болады. Соның арқасында бүгінде дамыған отыз елмен тереземіз теңесті. Бұл қарапайым адамның қолынан келетін іс емес еді.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасының ерлігі, батыл қадамдары туралы мақаласы жарық көрді. Президент ұлт көшбасшысының тәуелсіздік алған жылдары еткен еңбегін, көптеген саяси оқиғалардың басын ашып, қантөгістің жолын кескен Н.Назарбаевтың мол білімі мен тәжірибесін тамаша суреттей білді. Оның әлемде орын алған пандемия кезінде де ұлттың амандығы үшін «Біз біргеміз» акциясын жариялап, жұртты ауызбіршілікке шақыруы түркі елдерінің ақсақалына сай бастама еді. Келешек ұрпақ оның өмір жолын, ұлт үшін жасаған жақсылығын өзіне үлгі етіп, ұлықтары анық.
Жарқынгүл Махсутова,
№266 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі