Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Театр фестивалі – Қазалы төрінде

Театр фестивалі – Қазалы төрінде

Өнерге жасалған қамқорлық – ел болашағына қосылған үлес. Жақында Қазалы қаласы әкімі аппаратының «Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК-ның жанындағы халық театры және «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Театр – ұлт рухының жаршысы» атты аудандық халық театрлары мен драма үйірмелерінің сахналық қойылымдар фестивалі өтті.
Сан түрлі өнердің ішінде театрдың артқан жүгі ауыр, бағасы биік. Театр өнеріне арнайы тоқталып, ұйымдастырылған шараның мақсаты – аудандағы Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанындағы халық театрлары мен драма үйірмелерінің жұмысын жандандыра отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, тарихты насихаттау.
Айта кету керек, өнер жиынында «Мешітке жүрші бауырым» атты тақырыпта өнер көрсеткен Жанқожа батыр ауылдық Мәдениет үйі жанындағы халық театры, Орынбасар Әлжіктің «Сыйластыққа не жетсін» атты қойылыммен Бекарыстан би ауылдық Мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесі, «Ел қорғаған – Рақымжан» атты нөмірмен Жалаңтөс ауылдық клубы жанындағы драма үйірмесі және «Тәуелсіздік – ұлы дала арманы» атты қойылымды сахналаған Қазалы қалалық Мәдениет үйі жанандағы халық театрының көркемөнерпаздары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Өнерпаздарға «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен әзірленген сый-сияпаттарды қала әкімшілігінің бас маманы Ерболат Бауыржан, Қазалы қалалық Мәдениет үйінің директоры Әзілхан Мақсатбаев табыстады.
Ал «Үздік актер» номинациясымен Жанқожа батыр ауылдық Мәдениет үйі жанындағы халық театрының өнерпазы мараптталды. «Үздік драма үйірмесі» номинациясына Бекарыстан би ауылдық Мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінің өнерпаздары лайық деп танылса, «Үздік қойылым» атауын Жалаңтөс батыр ауылдық мәдениет Үйі жанындағы драма үйірмесінің сахналық қойылымы иеленді. «Үздік режиссер» номинациясы Қазалы қалалық Мәдениет үйі жанындағы халық театрының режиссері Айгерім Асановаға табысталды.
Өнерлі жастар фестивалінде кәсіби шеберлігімен көзге түскен Әлжан Арнұр, Бақытбек Макеев, Тарғын Нұрділдә, жас ойыншы Айбек Мерей, Нұрман Бекжан арнайы дипломмен марапатталды.

Серік АҚМЫРЗА
23 қараша 2021 ж. 938 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930