Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйірме жұмысы ұйымдастырушы қолында

Үйірме жұмысы ұйымдастырушы қолында

12 қараша күні Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен Өркендеу ауылдық клубында «Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жандандыру жолдары» атты аудандық семинар-кеңес өтті. Аталған шараға аудандық мәдениет бөлімі мамандары, қалалық, кенттік, ауылдық клуб жанындағы үйірме жетекшілері, әдіскерлер мен сүйемелдеушілер қатысты.
Шараның басты мақсаты – үйірме жетекшілерінің кәсіби дамуына ықпал ету, іс-қағаз жұмыстарын сауатты түрде жүйелеу, жаңашыл тәжірибелерімен бөлісу. Семинарға жиналған қызметкерлер алдымен 2020-2021 жылдары атқарылған жұмысымен таныстырып, «Үйірме жұмысының нәтижесі» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде әр мекеме өзгелерден ерекшелігін таныта білді.
Одан кейін Жалаңтөс батыр ауылдық клубы қобыз үйірмесінің жетекшісі Балзура Сыздық шәкіртімен қобыз сабағын өткізді. Аспаптың қоңыр үні Абай ауылдық клубы жанындағы би үйірмесінің жетекшісі Жазира Шунканованың шеберлік сағатымен жалғасты. Кішкентай бүлдіршіндер классикалық, қазақы бағыттағы бидің ерекшеліктеріне тоқталды.
Шараны Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Талант Сахитовтың «Қолөнер – зор өнер» атты ықшам сабағы жалғастырды. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, үйірме мүшесі қатысушыларға түрлі бұйымды жасап көрсетті. Содан соң аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Мөлдір Өтепбергенқызы «Үйірме жұмыстарында іс-қағаздарын, тоқсандық, жылдық есепті жүргізу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш семинардың соңы ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстаным – бақытым, бағым, берекем» атты үйірме қатысушыларының концертімен жалғасын тапты. Үздік деп танылған мәдениет саласының қызметкерлері арнайы ­марапатталды.

Дина БӨКЕБАЙ
16 қараша 2021 ж. 995 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930