Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Әйтеке би кентін аралады

Аудан әкімі Әйтеке би кентін аралады

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі тұрғындарға жаңадан берілген 210 гектар аумаққа арнайы барды.
Негізгі мақсат – 5 квартал аймағындағы бұл аумақты табиғи отынмен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда мамандар жаңа тұрғын кварталында орналасқан үйлерді көгілдір отынға қосу үшін күндіз-түні еңбек етуде. Атап айтар болсақ, мердігер мекеме орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіріп, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Жаңа кварталда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл аймақтағы үйлерді табиғи отынға тез арада қосуды сала басшыларына тапсырды.
Мұнан соң Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионға барып, оның жай-күйімен танысты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітовке орталық стадионға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аудан басшысы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығынан салынып жатқан Жалаңтөс батыр ескерткішінің айналасын абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Қазіргі таңда батырдың еңселі ескерткіші ауданымызға жеткізіліп, өзінің тұғырына қонуға дайын тұр.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігер мекеме басшысына даңқты қолбасшының еңселі ескерткіші орналасқан саябақ халық көңілінен шығу үшін сапалы жасалу қажеттігін айтты. Оны бақылауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
28 қазан 2021 ж. 537 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930