Жыр жаттаған жас өскін
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Qazaq epos» қорының ұйымдастыруымен бастау алған «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауында бақ сынаушылар қатарында аудан оқушылары да бар. Солардың бірі – Басықара ауылындағы №182 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әнел Елеулиева.
– «Ер Едіге» жырын жаттау маған көп қиыншылық тудырған жоқ. Жырды жаттау барысында қара сөздерді жаттау сәл ауырлық тудырды. Дегенмен, қара сөзді қайта пысықтап, бұл қиындықты жеңе білдім. Нәтижесінде жырдың мазмұнын түсіне отырып, толық жаттай алдым. Жалпы жырдың мазмұны маған ұнады,– дейді ол.
Әнелдің жетекшісі Ағыбай Асылбек дайындықтың қарқынды жүріп жатқанын айтады.
– Оқушым Әнел тарихи маңызы бар «Ер Едіге» жырын жаттау барысында көп қиналған жоқ. Айта кетерлігі, жырда кездесетін қара сөзбен берілген жолдарын жаттауда ауырлық туындады. Жыр жолдарын айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы қалыптасқан. Әнелдің жырға қызығушылығы, мазмұнын ұға білуі, есте сақтау қабілеті жырды жаттау барысында көп септігін тигізді,– дейді ұстазы.
Серік АҚМЫРЗА