Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы бастау алды

"Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы бастау алды

Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіне зер салып, жас буын үшін жұмыс істеп жүрген жобалар көп. Олардың арасында конференция мен кездесулер де, басқосу мен байқау да кездеседі. «Nur Otan» партиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазақ эпос» қорының ұйымдастыруымен жас өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихи-әдеби мұрасын дәріптеп, өз тарихын білуге, бабалар аманатын құрметтеуге үйрететін «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды.

Байқау мектеп оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді.
Қазақ халқында қаһармандық жырлар көп. Олар ауыздан ауызға тарап, сан ғасыр өтсе де, бүгінгі дәуірге жетіп отыр. Сондай эпостық жырдың бірі – Едіге батыр жыры. Ол ұл баланы ерлік, батырлық, отансүйгіштікке баулыса, қызды ақылды болу мен көрегенділікке үйретеді.

Өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын оятып, патриотизмге тәрбиелеу және елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан байқауда барлық қатысушыларға сыннан сүрінбей өтіп, жеңіске жетуді тілеймін!
#NurOtanQazaqEpos

Ернұр КАМА,
«Nur Otan» партиясы
Қазалы аудандық филиалы консультанты
14 қазан 2021 ж. 679 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031