Ұстаз - ұлағатты ұғым
Шәкірттер, яғни біздер үшін мектеп- екінші үйіміз, ұстаз- екінші анамыз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы тәлім-тәрбие беру ұстаз ұғымының басты міндеті. «Данқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын ол – ұстазым Аристотель» деген Александр Македонский. Біздің мектебімізде қаншама шәкіртке тәлім-тәрбие беріп отырған білікті ұстаздарымыз өте көп. Солардың бірі Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі, миллионер ұстаз, Орынбасарова Алия Жақсылыққызы. Әлия апай бізің мектебімізде 1989 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Апайдың жеткен жетістіктері мақтануға тұрарлық.
Атап айтар болсақ, «Ең үздік педагог -2020» атты Республикалық байқауда «Үздік сабақ жоспары» номинациясын жеңіп алған. Республикалық ұлттық интернет олимпиада ұйымдастыруымен өткізілген пәндік олимпиада жеңімпазды дайындағаны үшін дарынды оқушылардың ынталануына мүмкіндік тудыруымен қатар, шығармашылық қабілетін шыңдауға үлес қосқаны үшін марапаталған және XI Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында жоғарғы нәтиже көрсеткен.Таудай талабымызға тілекші болып отырған апайымыздың көптеген шәкірттері мықты маман иесі болып, қазіргі таңда түрлі салада қызмет жасауда.
Осындай ұстазымыздың ерен еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге болары сөзсіз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы, әр ісіміз жеңіс әкеліп жатса, ең алдымен ұстаздың арқасы.
Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін мамандық , себебі шәкіртті тәрбиелеу, көтермелеу, оны өз баласындай көріп қанаттандыру, жан дүниесін түсіне білу тек ұстаздың қолынан келеді .
Құрметті менің аяулы да, ардақты ұстаздарым, Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Ұстаз болашақ азаматтарды емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады десем артық айтпаған болармын.Сіздерге қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын! Еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілемін!
Аружан БАЙСАЛ
Ғ. Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің
11 сынып оқушысы
Ғ. Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің
11 сынып оқушысы