Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздықтың ұлы жолын ұстаған

Ұстаздықтың ұлы жолын ұстаған

Адам баласының кемел келешегін қалыптастыруға бағыт-бағдар беріп, талантын танып, таным көкжиегін кеңейтуде ұстаздар қауымының алар орны ерекше. Бала кезден болашаққа дейінгі әрбір баланың өмірі мектеп қабырғасында өтеді. Білім ордасында жүрген барлық мұғалім алдынан өткен бүлдіршіннің ертеңгі күніне жауапты екенін ұмытпай жұмыс істесе еңбегі еленіп, ескерусіз қалмайды. Мойнына арқалаған міндетінің ауырлығын жете түсінген жанның бірі алтын шәкірт тәрбиелеп, ауданға танылған ардақты ұстаз Шәкизада Жаңабаева.
Шәкен ауылындағы №134 мектептің математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып жүрген жан қазір де бейнетінің зейнетін көрер жасқа жақын. Аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылда отыз бес жыл бойы аянбай еңбек еткен ұстаз 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1984-1985 оқу жылында №134 мектептің математика пәнінің мұғалімі болып бастаған ол қызметке жауапты қарап, жақсы жұмыс жасағаны үшін 2000 жылы аталмыш білім ордасында оқу ісі меңгерушісі орнына отырады.
Әріптестер арасында сыйлы, айналасына ақылшы бола білген Шәкизада 2001 жылы наурыз айында директорлыққа тағайындалып, бұл қызметті 12 жыл бойына абыроймен атқарып шығады. Осы жылдар аралығында мектептің тыныс-тіршілігіне дем бітіп, жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Жұмыс барысында жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мол жетекшінің әр оқушының сабаққа қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділігін дамыту басты мақсаты. Математика пәнін қызықты етіп, Евклидтің еңбегін, Архимедтің ашқан жаңалықтарын оқушының санасына түсінікті деңгейде сіңіру оның қолынан келетін жұмыс.
Қабілетті жас өрендерін алға сүйреп, аудан, облыс деңгейіндегі түрлі олимпиада, конференцияларға қалдырмай қатыстыруы мамандығын шын сүйген Шәкизада мұғалімнің ерлігі. Жарты ғұмырын бала тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаздың жеткен жетістігі де аз емес.
2009 жылы «Қ.Сәтпаев IX оқулары» атты ғылыми конференцияға қатысып, Алғыс хат иегері атанып, үздік жұмысы үшін жинақ кітапқа енеді. Аудан деңгейінде жасаған еңбегі еленіп, Ғани Мұратбеавтың110 жылдығына арналған мерекелік медаль тағынды.
2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын негізге ала отырып, республика деңгейінде мұғалімдер арасында өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, үздік баяндама жасағаны үшін сертификат иеленеді.
Бүгінгі күні бірінші санатты ұстаздар қатарына жататын Шәкизада Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығының жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқыту процесін арттыру мәселелеріне қатысты үздік баяндама жасағаны үшін арнайы диплом да алып үлгерген. Жылдар бойына шәкірт санасына сәуле түсіріп, білім шырағын жағудан шаршамаған жанның бұл жетістіктерінің бір парасы ғана.
Аудан көлеміндегі тәрбие жұмысының дамуына және білім мекемелеріндегі ұжымдық бірліктің нығаюына үлкен үлесін қосып жүрген жан сала қызметкерлерінің жанашыры, бәсекеге қабілетті кәсіподақ көшбасшысы ретінде ұстаздар қауымы арасында беделі зор.

Айдарбек ӨТЕТІЛЕУОВ,
№134 орта мектептің қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі

29 желтоқсан 2020 ж. 2 505 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930