Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті ұстаз – биік мәртебе

Білікті ұстаз – биік мәртебе

Фин ұлты мен жапондардың ұстазға деген құрметі ерекше екені көп айтылады. Мұнан бөлек кәрі құрлықтағы педагогтардың өмірі де аз қозғалмайды. Сол секілді біздің елде де ұстаз беделін арттыру жолында батыл қадам жасалып жатыр. Мемлекет басшысы 4 жылда педагог еңбекақысын 100 процентке жеткізуді міндеттеді. Соған сәйкес өткен жылы 1 кыркүйектен бастап жалақыларына 25 процент қосылса, биыл тағы да 25 процентке көбейді. Шын мәнісінде жалақысы артқан мұғалімдер қандай болуы тиіс? Өткен жылдан бастап күшіне енген ­«Педагог мәртебесі» заңы оларға қаншалықты тиімді? Осы сауал төңірегінде аудандағы бірнеше ұстаздың пікіріне құлақ түрдік.

Клара Өксікбаева, Қ.Сәтпаев атындағы №216 орта мектептің математика пәнінің жоғары санатты зерттеуші мұғалімі:
– Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толғалы отыр. Осы жылдар аралығында қоғам ұстаздар қауымына деген құрметін бір сәт төмендеткен емес. Бүгінгі таңда педагог мәртебесін көтеруді басты мақсат тұтқан еліміз барлық жағдайды жасауда. Мұның айғағы соңғы екі жыл қатарынан мұғалімдер жалақысының жыл сайын 25 процентке артуы. Бұл іс кезең-кезеңімен орындалып, Мемлекет басшысының бастамасы қолдау ­тауып келеді. Ұстаздар қауымы бұған ризашылық білдіре отырып, осы үдеден шығу мақсатында жұмыс атқаруда.
«Педагог мәртебесі» заңы негізінде мемлекет аттестациялау, модератор, сарапшы, зерттеуші деңгейлеріндегі ұстаздарға үстемеақы төлей отырып, мұғалім мерейін одан әрі көтеруде. Ал біз Тәуелсіздіктің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтай отырып, шәкірт тәрбиелеумен білім көкжиегін кеңейтуде абыройлы еңбек етіп, сенім биігінен шығу үшін аянбай тер төге береміз.
Айтпақшы, ұстаздар жалақысының биылғы жылдан бастап тағы көтерілуі мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсаруына септігін тигізіп, жұмыс істеу белсенділігін арттыруға да ықпалын тигізеді.

Әйгерім Теңгебаева, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
– Ұстаздар жалақысы жылдан-жылға көтеріліп келеді. Бұл мәселеге байланысты қоғамда түрлі пікір бар. Мәселен, бұған дейін 80-100 мың теңге алып жүрген ұстаздар екі жылдың ішінде 160-200 мыңға жуық жалақы алады. Әрине бұл еңбекақы қазіргі нарықтық заманда мардымсыз болуы мүмкін. Дегенмен сатылап өсудің арқасында мұғалімдер өз-өздерін шыңдап, жоғары жалақы алуға талпынып, соған сай жұмыс істейді. Яғни бұл әлеуметтік әл-ауқаты көтерілген ұстаздың жұмыс нәтижесі одан әрі артады деген сөз.
Мемлекет тарапынан педагог қауымға оқушының таным-тәрбиесіне, білім сапасына аса мән беруіне қолайлы жағдай жасалып отыр. Ендігі ұстаздар да бұл мүмкіндікті құр жібермей, оңынан пайдаланып, заманға сай ұрпақты тәрбиелеуде бар күш-жігерін аямайтыны сөзсіз.
Енді мұғалімдерге жалақыға алаңдауға негіз жоқ. Бұдан былай әр ұстаз үшін басты міндет – өзіне артылған жауапкершілікті сезіну. Сұраныс біреу – қоғамға бейімделген, алған білімін өмірде қолдана отырып жетілетін ұрпақты даярлау, тәрбие беру. Ал өз ісінің маманына айналған ұстаздарға бұл қиын емес.

Әйгерім Амантаева, №266 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылға дейін педагогтардың жалақысы 100 процентке өседі деген мәлімдемесін естігенде барша мұғалімнің қуанғаны сөзсіз. Өйткені педагогтардың жасап жатқан еңбегі ерен. Меніңше педагог – әнші, биші, әртіс. Олай дейтінім, ұстаз оқушыны қай жағынан болса да дамытуға күш-жігерін салады. Сол үшін аянбай еңбек етеді.
Мемлекеттің негізгі қозғаушы күші – мұғалім болғандықтан еңбекақының өскені әрбір педагогтың жұмысқа деген құлшынысын арттырып, одан әрі шыңдалып, берілген ақшаға сай еңбек етуді міндеттейді.
Бұрын мамандық таңдайтын жас өзі қалаған маман иесі бола алмай қалса, оған ата-анасы «ештеңе етпейді, мұғалім бола саларсың» деп педагогтарға деген жеңіл көзқарасты туындатушы еді. Ал қазір барлығы керісінше. Жылдан жылға осы салаға ағылатындардың қатары артып келеді. Бір жағынан педагог мәртебесін көтерудегі мақсат осы ойды өзгерту деп ­ойлаймын. Яғни қоғамда ұстаздарға деген қөзқарас ерекше болуы тиіс.
Бүгінде мұғалім болуы үшін құр дипломды иемдену аздық етеді. Нағыз ұстаз боламын деген адам қойылған талап пен сүзгілерден өтіп, әбден ысылуы қажет. Сонда ғана Мемлекет басшысы бекіткен жалақыға қол жеткізеді.
А.ЖОЛТЕРЕК
27 наурыз 2021 ж. 2 787 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930