Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Ұлы ұстаз... Кейде оңашада отырып, ойға шомсам, көз алдыма жарқын мінезді, үлкен жүректі ұстазымның бейнесі келіп еріксіз естеліктерге жетелей жөнеледі.
Ұстаздың да ұстазы бар. Меніңше, кез келген мұғалім ұлы ұстаз бола алмайды. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын мен ізгілікті ізденіс ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі табиғи дарыны бар ұстазда дер едім. Қолыма қалам алғызып, жүрегімдегі ұстазға деген махаббатты оятқан жарқын жүзді сүйікті ұстазым – тарих пәнінің мұғалімі Шахан Қожаназаров болатын. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, шыншыл да мейірімді жан еді. Содан да болар біз тарих сабағын мерекедей асыға күтетінбіз. Күнделікті сабаққа қуанышты көңіл күймен келетін ұстазым сыныпқа жылы мейірімді шуағын ала келетін. Сабақты бар ынтасымен түсіндіріп, әр сабақ сайын біздің көз алдымызда шынайы оқиғалар өтіп жататын. Бойында ақындық қасиеті бар ол бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, сабақ сұрар алдында әрқайсысымызға арнап өлең шығарып, жұлдызға балайтын.
Әрбір сабағында сілтідей тыныштық орнап, бар ынтамызбен тыңдап отыратын бізге бірде ұстазым ақын болса, бірде актер, енді бірде сахнадағы өнер майталманына ұқсайтын. Бәрімізді тарих сабағы мен ұстаз мамандығына ғашық етті. Сол кездерде біз тарихшы боламыз деп армандадық. Қарапайым ауыл баласы үшін «Артекке» бару арман еді. Бұл арманға да ағайымыз арқылы қол жеткіздік. Жанкентке оқушыларды апарып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген жәдігерлерді тауып, мектебімізде тарихи мұражай ашты. Абай ауылындағы атақты ұстаз зергерлер туралы мағлұмат жинап, олардың мұраларын музейге орналастырып, ұрпаққа өнеге етті. Бар еңбегін бала бақытына арнаған ұстазым мектебімізде «Даңқ алаңын» ашты. Бұл «Даңқ алаңында» 1941-1945 сұрапыл соғыс жалдарындағы барлық мәліметтер қамтылды.Ұлы Отан соғысына қатысып, туған жеріне орала алмай қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатуға мұрындық болды. Ескерткіш мектебіміздің 1985 жылғы бітірген 34 түлегінің күшімен салынды. Әрине, оның басында Шахан ағай күндіз түні тұрып, ұмытылмайтын іс жасап, ел құрметіне бөленді.
Содан бері 36 жыл уақыт өтіпті. Мектеп жанында бой көтерген бұл ескерткіш ауыл адамдары үшін тарихи орынға айналды. Қазіргі таңда сол ескерткіш жанына жастарымыз тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюда. Осындай ірі жұмыстардың басында жүріп, ол шәкірттеріне тура әкесіндей қарап, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беруден жалықпайтын. Сол жылдары мектеп бітірген жастар бригада құрып, өндірісте қалатын. Мен де өндірісте қалдым. Бір күні жұмыстан қайтып келе жатқан мені тоқтатып: «Әрбір адам өмірге кірпіш болып қалануы үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн деп білемін. Сенің табиғатың ұстаздыққа келеді. Педагогикалық институтқа оқуға барғаның дұрыс. Болашақта танымал ұстаз болғаныңды қалаймын» – деді. Бұл оқиғадан кейін ұзақ ойланып, ұстаз болуды шештім. Қызылорда педагогика институтына оқуға түсіп келгенімде ұстазымның қуанышында шек болмай, ақ батасын берген. Қиыны мен қызығы мол еңбек жолымда әрбір жетістікке жеткен сайын ұстаз алдындағы парызым өтелгендей, сенімін ақтағандай боламын.
Әттеген-ай! Шахан ағайым тірі болса бар жетістігім мен қуанышымды бөлісер едім. Сенім артқан шәкірті талай белесті бағындыратыны даусыз. Ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі десек, оның бейнесі білім мен жарық сыйлаушы ретінде мыңдаған шәкірттердің көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталып, ұмытылмайды. Тумысы бөлек, дарынды ұстаз мәңгілік есте қалу керек. Елі үшін жасаған игілікті істері үшін Шахан Қожаназаров ағайға Абай ауылынан бір көшенің аты берілсе екен деймін. Бұл өткен тарихты ұлықтап, ұрпаққа өнеге еткен ұстазға берілген үлкен құрмет болар еді.

Г.АЯП,
ҚР білім беру ісінің үздігі
02 қазан 2021 ж. 2 972 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 100

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 87

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 69

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 87

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031