Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кітапқұмар Қадірбек ұстаз

Кітапқұмар Қадірбек ұстаз

Білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы, рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы бұл теңеулердің барлығы бір ғана құндылыққа, яғни, кітапқа тән айтылған тіркестер. Иә, кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ бар білімнің, ғылымның көмбесі. Осындай мәртебесі биік, берген ақылы үшін ақы сұрамайтын адал доспен жиі сырласып жүрген жанның бірі – ардагер ұстаз Қадірбек Бекетов.

Қазір Қадырбек ағайдың жеке кітапханасында мың жарымнан астам кітап бар. Олардың біразы жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, діни, саятшылық тақырыптардағы кітаптар мен түрлі саладағы энциклопедиялар. Ал басым көпшілігі тарихи-танымдық шығармалар. Ардагер ұстаз жеке кітапханасында тарихи кітаптардың көбірек болуын, өзінің мамандығымен сәйкестендіреді. Ұзақ жылдар бойы тарих пәнінен сабақ берген мұғалімнің кітапқа деген құмарлығы мен ізденімпаздығы әлі де жоғары.
«Мен бала күнімнен кітап оқуға құштар болып өстім. Ең алғаш Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Жюль Верннің «Су астындағы 80000 километр сапар» кітабын оқыдым. Ұмытпасам, ол кезде 4-сыныптамын. Үш-төрт бала сабаққа бірге барып, қайтатынбыз. Жолай кезек-кезек оқыған кітаптарымыз туралы айтып үйге қалай жеткенімізді аңғармаушы едік. Ең алғаш оқыған орыс тілді кітабым Сальковтың шығармасы болатын. Онда екі генерал-дың шаруаны асырауы жазылады.
Зейнеткерлік демалысқа шық¬қан соң кітапханаға бұрынғыдан да жиі баратын болдым. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі ғой. Мен кітап оқуымен қатар газет беттеріне мақала, естеліктер жазып тұрамын. Былтырғы жылы «ЛИ-Медиа» баспасынан «Батыр және би Басықара баба» атты кітабым жарық көрді. Ол кітап қазір Астана қаласында өтетін кітап көрмесіне жіберілді», – дейді Қадірбек Бекетов.
Ардагер ұстаздың кітап сөресінен газет-журналдарға шыққан тарих және пеагогика тақырыптарындағы көптеген мақалалардың қиындыларын да кезіктірдік. Олардың арасында тіпті, 1939 жылы шыққан «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы да бар. Бүгінде кітапқұмар жан Тойбазар Елемесовтің «Аралдағы айқас», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарын оқу үстінде.
Кітаптан асқан ең сабырлы ұстаз, үндемес серік жоқ. «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» – деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап. «Кітап – әр адамның өмірлік досы» дейді заманының заңғар жазушысы М.Әуезов Сондықтан, адал достан айырылмай, әрдайым оған жақын жүрейік.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 сәуір 2018 ж. 2 249 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930